Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Пияздың көзді қатты жасаурататындығы мен ащы дәмі бәрімізге таныс. Сондай-ақ, пиязды қолданудың неше түрлі жолдары бар екенін білеміз. Ендіше пиязды пайдалану жолдарына тоқталып өтейік.

Салауатты ас, табиғи тағам – «slow food» – сән бе әлде тренд пе...

Пайдаланушылар бағалары:
Баға жоқ
Сенің бағаң:
Салауатты тамақтануға, дене салмағын азайтуға және күйзеліссіз өмірге арналған әдісті ашыңыз.
Тамақты қалай ішу керек – жылдам немесе ақырын?

Біздің өміріміздің қарқыны шапшаңдай түсе бастады, біз қатты шаршаймыз, біздің отбасымыз бен достарымыз үшін уақытымыз жоқ, біз қалай дем алу керектігін ұмытып қалдық. Не болса соны және қай жерде де болса, сол жерде жей береміз. Ал бірақ біздің қалай тамақтанатынымызға біздің денсаулығымыз бен сымбатты келбетіміз байланысты. 

 
 
Баяу ас
Осыдан артық салмақ пен семіздіктің салдарынан туындайтын денсаулықпен байланысты қиыншылықтар, сонымен қатар «өркениет ауруларына» шалдыққан адамдар санының кенеттен өсуі туындайды. Фаст фуд тез тамақтану мейрамханаларының танымалдылығына, сонымен қатар қалай болса солай тамақтануға қарама-қарсы „Slow Food” қозғалысы пайда болды. Бұл 1986 жылы Италияда негізделген «нон-профит» (non-profit) түріндегі халықаралық ұйым және басынан бастап тағамның шағын жергілікті өндірушілерін қорғаумен және қолдаумен белсенді айналысты. Қазіргі таңда „Slow Food” қозғалысы өздерін экологиялық қозғалыста экогастрономиялық фракция ретінде сипаттайды, бірақ көбі ғаламдануға қарсы қозғалыстың аспаздық қанаты туралы айтады. 

 

Жақсы дәмі бар дәстүрлі рецептілер"Slow Food" ең маңызды ұрандарының бірі «Дәмге деген құқықты қорғау!» болып табылады. Бұл ұйым өз тұжырымдамасы  бойынша інжіл Ноев Ковчегті еске салатын «Дәм кемесі» атты жобамен жүргізіледі. Ол дәстүрлі рецептілердің, көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, сонымен қатар, құрып бара жатқан немесе жойылу қауіп-қатеріндегі кейбір жануарлардың түрлерінің жандануына негізделеді.

Кейбір елдер жүйе қамқорлығының өз аумағындағы өнімдерінің ең көп санын қамтуын ойлайды. Арнайы тізімде өнімдердің бірнеше жүзін үлестірген, және соның ішінде Камамбер, Комте, Блё д’Овернь, Моцарелла, Горгонзола ірімшіктері, сонымен қатар Парм сүрленген еті және Бальзам сірке суы сияқты аспаздық ең үздіктерді тізімге енгізген Франция мен Италия көш басшылары болып табылады. Гректер ірімшіктің 20 түрін, португалдықтар – 12, осыдан басқа, бал мен зәйтүн майын,  австриялықтар – Тироль сүрленген етін, бельгиялықтар сыраның көптеген түрін және Арден майын, Испандықтар – қасқыржемді, бал мен зағыпыранды, британдықтар – шотлан қой етін, валлий сиыр еті мен Кент сырасын, люксембурлықтар – райхан майын, ал Шведтер - «suns», яғни олардың дәрігерлерінің пікірінше, өкпе қабынуы ауруының қауіп-қатерін төмендетін шайнайтын темекіні қосты.

 Табиғи ас
 
 

Салауатты ас - артықшылық

«Slow Food» мәнеріндегі ас аз өңделеді, тағамды дайындаудың заманауи технологияларын қолданбай, дәстүрлі әдістермен дайындалады. Заманауи жабдықтарды және өңдеудің қатты деңгейін қолдануды жоққа шығаратын, тағамды нығайтудыңәдістері арнайы – бұл жасанды қоспалардың жоқтығы, құнарлы қасиеттер, аллергия қауіп-қатерінің төмендігі.
 
„Slow food” тағамдарын дайындау технологиясында қолданылатын әдістер бұл: дәстүрлі ыстау, бұқтыру, маринадтау, пісіп жетілу, сығып шығару. Өндіру барысында қолданылатын барлық шикізаттың шығу тектері толығымен табиғи болуы қажет. Осындай тағамның тек бірегей дәмі мен иісі ғана болмайды, сонымен қатар құрамында көбірек нәрлі құндылықтар да бар. Ол табиғи асқа өте жақын, және осының арқасында ағзамен жақсы сіңіріледі. Осындай тамақтану салауатты және қауіпсіз болып табылады.

  

Өмір сүрудің салауатты мәнері

 «Slow Food» идеясы бұл тек салауатты, мүмкіндігінше аз өңделген, дәстүрлі ас қана емес, сонымен қатар, оның дәмінен ләззат алу. Ұйымның белгісі ұлу болып табылады – яғни баяу қимылдайтын жәндік, ол өмірдің қарқынды шапшаңдылығының зиянды әсеріне, және біз егер оны баяулатсақ, біз ешнәрсе жоғалтпай, керісінше тауып алатынымызға біз назарымызды аударуымыз қажеттігін білдіреді. «Slow Food» тыныштық және ақыл-ойдың кемелдену күйінде тамақтануға негізделген, дәмнен және хош иістен ләззат алуға және осылай тағамның арқасында сүйсіну сезіміне бөленуге шақырады. «Slow Food» философиясының, сонымен қатар, өмірдің басқа саласына да таратылатын кеңірек өлшемі бар. Бұл емдәмнің түрі емес, бұл біздің өміріміздегі тынығу мен босаңсудың мағынасын ерекшелейтін өмір сүру мәнері. Ол қарқынды төмендетіп, күнделікті міндеттерден ең болмаса бір сәтке қол үзуге шақырады. «Баяу өмір сүру» идеясын жақтаушылар осының арқасында біз рахаттану сезімі мен ішкі үйлесімділікті өзімізге қайтарамыз деп сендіреді. Ал дәрігерлер болса осындай айналымдардың төмендеуі және де саналы түрде тамақтану инфаркт, су самыр және, тіпті, қатерлі ісік ауруларының қауіп-қатерін мүмкіндігінше төмендетеді деп сендіреді.

 

«Slow Food» міндеттері

  • тағамдарды дайындаудың жергілікті әрі дәстүрлі әдістерін қорғау және дамыту,
  • дайындаудың дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы жасалған жергілікті өндірістің азық-түлігін сатып алу,
  • егіншіліктің табиғи алуан түрлілігін сақтау мақсатында тұқымдардың банкісін ұйымдастыру,
  • қорғалатын өндірістік аймақтар үшін жергілікті асхана күндерін мерекелеуді ұйымдастыру,
  • азық –түліктің, әсіресе, тез бұзылатын (мысалы, қасапханалар) шағын өндірістерін ұйымдастыру,
  • «фаст фуд» тағамдарын қолданудың көрінбейтін қауіп-қатерлері туралы хабарлауға бағытталған әрекеттердің жүзеге асырылуы,
  • трансгенді өсімдіктердің таратылуынан бас тарту (осы мақсатта АҚШ көш басшы, ал Еуропада – Испания көш басшы),
  • «Slow Food» белгісі бар мейремханалардың дамуы.

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Калланетика - рекреациялық жаттығулардың бір түрі
Калланетик үйде айналысуға болатын, рекреациялық жаттығудың түрі.