Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Сорпалардағы калориялар кестесі

Көже рецептерінің түрлері орасан көп және оларды шексіздікке дейін ұлғайтуға болады. Көжелер – бұл ет сорпасына пісірілген көкөністер қоспасы. Оларға макарон өнімдері, ботқалар немесе күріш қосылуы мүмкін. Көжелер дәмділігімен қоса, төмен калориялы да болады. Олар организмімізді көмірсулардың, балласттық заттың, калийдің, темірдің, магнийдің, В тобы дәрумендерінің, Е дәруменінің, сондай-ақ Бета-каротиннің көп мөлшерімен қоректендіреді.
| Өнімдер | Сан | Энергетикалық құндылығы (ккал) | Ағуыздар (г) | Майлар (г) | Көмірсулар (г) |
|---|---|---|---|---|---|
| Айранға пісірілген көк сорпа | 100 мл | 47 | 3,1 | 1,9 | 4,3 |
| Алмадан пісірілген жемістер көжесі | 100 мл | 42 | 0,1 | 0,1 | 11,8 |
| Атбас бұршақ қосылған көже | 100 мл | 66 | 3,4 | 2,2 | 1,4 |
| Ашытылған қырыққабаттан жасалған көкөніс салған тұздықты сорпа | 100 мл | 134 | 3,3 | 10,5 | 6,6 |
| Балдыркөктен пісірілген көже | 100 мл | 37 | 1,6 | 1,8 | 4,5 |
| Балық етінің сорпасы | 100 мл | 2 | 0,4 | 0,0 | 0,0 |
| Балық сорпасы | 100 мл | 46 | 3,4 | 1,0 | 5,5 |
| Бұршақ көжесі | 100 мл | 66 | 4,4 | 2,4 | 8,9 |
| Бұршаққынды үрме бұршақтан пісірілген көже | 100 мл | 43 | 2,2 | 0,6 | 8,9 |
| Гүлді қырыққабаттан пісірілген көже | 100 мл | 28 | 1,6 | 0,5 | 4,9 |
| Ет қосқан харчо көжесі | 100 мл | 75 | 3,1 | 4,5 | 5,5 |
| Ет қосылған күріш көжесі | 100 мл | 34 | 0,7 | 1,1 | 5,2 |
| Ет қосылған тары көжесі | 100 мл | 57 | 2,9 | 2,2 | 6,4 |
| Ет салған көк сорпа | 100 мл | 52 | 2,1 | 1,7 | 6,3 |
| Жазғы борщ | 100 мл | 49 | 1,1 | 2,1 | 6,4 |
| Жарма қосылған картоп көжесі | 100 мл | 54 | 1,3 | 1,2 | 9,5 |
| Жас қырыққабаттан пісірілген көкөніс-саңырауқұлақ салған тұздықты сорпа | 100 мл | 106 | 3,6 | 7,0 | 7,1 |
| Жас қырыққабаттан пісірілген щи | 100 г | 31 | 0,9 | 2,1 | 3,1 |
| Жасыл бұршақтан пісірілген көже | 100 мл | 56 | 3,2 | 1,2 | 11,2 |
| Жур (ұн ұйытқысына пісірілген көже) | 100 мл | 124 | 2,2 | 3,1 | 23,5 |
| Картоп көжесі | 100 мл | 39 | 1,4 | 1,1 | 6,6 |
| Картоп қосылған ашытылған қырыққабаттан пісірілген щи | 100 г | 32 | 0,6 | 2,1 | 2,7 |
| Картоп қосылған жас қырыққабаттан пісірілген щи | 100 г | 38 | 1,0 | 3,8 | 2,1 |
| Картоп қосылған саумалдықтан пісірілген көже | 100 мл | 40 | 2,2 | 0,9 | 6,6 |
| Көкөністер көжесі | 100 мл | 43 | 1,7 | 1,8 | 6,2 |
| Күріш жармасы қосылған езбе көже | 100 мл | 48 | 1,4 | 1,3 | 7,7 |
| Күріш қосылған қызанақтан жасалған көже | 100 мл | 37 | 1,5 | 1,8 | 3,9 |
| Күріш қосылған лимон көжесі | 100 мл | 58 | 1,4 | 2,2 | 8,7 |
| Қарыннан пісірілген тамақ | 100 мл | 84 | 16,0 | 2,2 | 0,0 |
| Қызанақтан жасалған көже | 100 мл | 28 | 1,3 | 1,8 | 1,9 |
| Қызылша көже | 100 мл | 36 | 0,5 | 2,0 | 4,2 |
| Қымыздық көжесі | 100 мл | 40 | 1,6 | 2,5 | 2,9 |
| Макарон бұйымдары қосылған картоп көжесі | 100 мл | 48 | 1,3 | 1,0 | 8,4 |
| Макарондар қосылған қызанақтан пісірілген көже | 100 мл | 35 | 1,5 | 1,8 | 3,3 |
| Макарондар қосылған сопақ басты пияздан пісірілген көже | 100 мл | 39 | 1,4 | 1,1 | 6,6 |
| Пияз көжесі | 100 мл | 44 | 1,4 | 2,7 | 4,0 |
| Саңырауқұлақ көжесі | 100 мл | 26 | 1,3 | 1,8 | 1,3 |
| Саңырауқұлақ қосылған арпа көжесі | 100 мл | 43 | 1,6 | 1,2 | 6,4 |
| Саңырауқұлақ сорпасы | 100 мл | 3 | 0,5 | 0,1 | 0,0 |
| Сиыр етінің сорпасы | 100 мл | 4 | 0,6 | 0,2 | 0,0 |
| Сібір борщы | 100 мл | 48 | 1,9 | 1,5 | 6,8 |
| Тауық етінің сорпасы | 100 мл | 1 | 0,1 | 0,0 | 0,0 |
| Тәуліктік щи | 100 г | 34 | 0,6 | 2,8 | 1,5 |
| Тұздықты балық сорпасы | 100 мл | 25 | 2,4 | 1,2 | 1,2 |
| Тұздықты көже | 100 мл | 42 | 1,4 | 2,0 | 5,0 |
| Украиндық борщ | 100 мл | 49 | 1,1 | 2,2 | 6,7 |
| Үрме бұршақ қосылған көже | 100 мл | 62 | 4,0 | 1,8 | 10,0 |
| Үрме бұршақ қосылған көкөністер көжесі | 100 мл | 46 | 1,6 | 2,1 | 5,2 |
Көжелердің қоректік құрамы Олардың құрамында емдәмнің өте маңызды және айырбасталмайтын элементі – су да бар. Олар пісірілуінің арқасында жеңіл қорытылады және бұл балласттық заттың аз тітіркендіруші болуына әкеледі. Сондай-ақ қосымша пайдасы біздің организм балласттық затты қорытпайды, сондықтан бұл артық салмақпен күресудегі бағат жетпес қару.
Ең маңыздысы – көжелер көкөністердің құрамында болатын барлық көптеген қоректік компоненттерін сақтауға мүмкіндік береді. Көже пісірген жағдайда, дәрумендер және минералдық қосылыстар қайнатындыға шайылады, ал біз оны бәрібір жеп қоямыз. Әрине, бұл С дәрумені сияқты өте сезімтал дәрумендердің жоғалуынан құтқармайды, алайда бұл жағдайда, оның орнын толтырудың жақсы көзі шикі көкөністер мен жемістер болып қалады.
Біздің организмді ештеңе дәмді көже сияқты соншалықты жақсы қыздырмайды. Ол сонымен бірге қоректік болуы үшін, ұнтақталған кепкен наннан немесе ұннан жасалған дәмдеуіш, майға (тоң майға) қуырылған немесе көп мөлшерде қаймақ қосылған көжелерден аулақ болу керек. Дегенмен оған зімбір, кардамон немесе жұпар жаңғағы сияқты қыздырушы дәмдеуіштерді қосуға болады.
Ұсынылатын сақтау тәсілдеріӘзірленген көже бөлме температурасында 2 сағаттан (егер өте ыстық ара райы болса, 1 сағаттан) артық болмауы тиіс. Сонан соі оны тоңазытқышқа қою не болмаса мұздату керек. Олай болмағанда бактериялардың көбею қаупі туындауы мүмкін. Егер Сіз көжені мұздатқыңыз келсе, алдымен оны тоңазытқышта суытыңыз, Сіз мұнымен барынша көп қоректік қасиеттерін сақтайсыз. Тамақ ішкеннен қалған қалдықты жаңа ыдысқа салыңыз. Оны пісірілген кастрюльде сақтамаңыз.













