Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Сіз білесіз бе...
Спагетти
дайындау уақыты:
30 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
жеңіл
Сицилиялық спагетти рецептісі – итальяндық асхананың ерекше тамағы.
Өнімнің сипаттамасы
Спагетти – бұл әрбір итальяндықтың – солтүстік Италия аудандарының фермерінен бастап, итальяндық мафияның гангстеріне дейінгі халықтың негізгі тамағы. Ғашықтарға ұсынылады. Бұл тамақтың көптеген түрлері бар.
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
500 г спагетти
4 қызанақ
100 г майдағы тунец
½ шоқ ақжелкен
ұсақтап кесілген ½ лимонның қабығы
4 қасық зәйтүн майы
бұрыш, тұз
Дайындау әдісі
- Спагетти макаронын „al. dente” күйіне дейін пісіру керек, бұл итальян тілінде «бір тіске» дегенді білдіреді – бұл тамаша болып саналады: макарондар созылмалы, шамалы қатты, біздің тісімізге келмейтіндей болуы тиіс. Оларды тұздалған судың көп мөлшерінде пісіріп, сонан соң суын төгіп тастау керек.
- Қызанақты қайнаған сумен бұқтырып, қабығынан және дәнінен тазалап, шағын тілімдерге кесу керек. Сарымсақты тазалап, ұнтақтау керек. Ақжелкенді жуып, ұсақтап кесу керек.
- Тунецті майының мөлшері тым көп болмайтындай етіп кептіру және шағын тілімдерге бөлу керек.
- Қатты қыздырылған табада сарымсақты қуырып, тунецті, қызанақты және бір шымшым бұрыш қосу керек. Баяу отта 10 минутқа жуық қуыру керек.
- Пісірілген макарондарды бәсең отта 4 минутқа жуық қуыру керек, сонан соң барлығын жақсылап араластыру керек.
Беру әдісі Ұсақ туралған ақжелкен және лимон қабықшалары себілген тағамды беру
Тегтердi бұлт
Күн рецептісі
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.













