Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Стэп
Көңілді "баспалдақтпр"
20 жыл бойы стэп өте танымал болды, әйелдер мен ер адамдар спорттың осы түрімен шұғылданғанды ұнатады. Жаттығудың баға жетпес анықтауышы тұғырнама болып табылады, оның биіктігі тақталар көмегімен реттеледі. Әркім өзінің бойына және дайындық деңгейіне ыңғайлы тұғырнама биіктігін таңдайды.
Дененің барлық мүшесіне арналған әр түрлі жаттығулар
Әдетте жаттығулар әр түрлі және өзгерістерді жақсы көретін және жалықтырғыш, біркелкі жаттығуларды ұнатпайтын адамдарға ұнайды. Стэп жоғары болған сайын, соғұрлым көп калория жұмсауға болады, бірақ осыған мұқият қарау қажет және ең дұрысы жаттықтырушымен кеңесу болып табылады. Тұғырнамада дененің жоғарғы және төменгі бөліктеріне бағытталған шамамен 250-дей жаттығуларды орындауға болады. Жаттығулар қиын қиыстыруларға біріккен негізгі қадамдардан тұрады.
Денені қыздыру.
Ең дұрысы денені стэпті қолданбай-ақ еденде тұрып қыздырған жөн.
Негізгі жаттығулар.
Жаттығудың негізгі бөлігінде азды-көпті қуат кететін, топталған әр түрлі қадамдардан тұратын белгілі бір хореографияны жасаған жөн.
Соңында созылу жасаған жөн.













