Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Стретчинг
Созылу - бұлшықеттер де жақсы түрдеСтретчинг көп уақыт алмайды, әр түрлі жастағы адамдарға ұсынылады. Жаттығудан кейін қозғалысқа түскен бұлшықеттер топтарын созамыз. Созылуды әр түрлі қалыпта жасауға болады: жатып, отырып немесе тұрып. Ең жақсы нәтижелерге толық тыныштықта және босаңсыған жағдайда жетуге болады, үйлескен жаттығулар бұлшықеттердің әр түрлі семуінің алдын алады.
Бірнеше пайдалы кеңестер:
Созылуды жасамас бұрын, бұлшықеттерді қыздыру қажет.
Жаттығуларды өзіне ауыру сезімін туғыза отырып жасауға болмайды, ауыруды емес, кішкене қолайсыздықты сезінуге болады.
Баяу созылу қажет, буындарды қысып тастауға болмайды, өйткені бұл артық керек емес жүктемені туғызады.
Тыныс алуды есте ұстау қажет, ауаны мұрынмен дем алған жөн, ал ауызбен шығару қажет.
Өзіңді басқа ешкіммен салыстырмаңыз, әркімнің өз иілімділік деңгейі бар.













