Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Тамақтанудың салауатты мәнерінің ұстанымдары – салауатты емдәм, Slow Food
«Slow Food» жақтаушылары баяулық – бұл ең жақсы қасиет, шапшаңдықтың әсерінен жойылатын кемеліне келушілік, танымдардың байлығы екендігін дәлелдейді. Бұл, сонымен қатар, салауатты емдәм. Шараптар мен коньяктарға жоғарғы дәмді сапаға жетуге мүмкіндік беретін баяу пісіп жетілу әрекеті мысал бола алады. Сыраның, ірімшіктің көптеген түрлерімен, еттің кейбір түрлерімен де осындай әрекет жүреді.
Қатты өңделген өнімдер өмір сүру үрдістері үшін қажетті дәрумендерді, минералды тұздарды, сонымен қатар құрамындағы басқа да құнды заттарды ұсынбайды, олар қауіпті қанықтырылған майлар мен қанттың көзі болып табылады. Жүгірісте тамақтанған «фаст фуд», сонымен бірге қозғалыстың жоқтығы – бұл салмақтың артуына және басқа ауытқушылықтарға кепілдік. Семіздіктің кең таралуының антидоты… көкөністер болып табылады.
Өмір сүрудің салауатты мәнерінің ұстанымдары«Slow Food» міндетті түрде таңдаулылардың сыбағасы ғана емес. Осыған жақсы жағдайда құнды үй тағамын дайындаудың мән-мағынасын бағалауға шешім қабылдаған кез келген адам қосыла алады.

Тағамды баяу қолданудан бастаған және осыдан кейін туындайтын барлық артықшылықтарды, ал олар шын мәнісінде көп, ақылмен бақылаған жөн. Тағамды дайындауды күнделікті қажеттелікке емес, оны сиқыршылық салт жорасына айналдыруға болады.
Slow Food – экологиялық өмір
«Қарқынның төмендеуі» идеясын, сонымен қатар, бүкіл дүние жүзіндегі шағын және үлкен қоғамдар мен ұйымдар насихаттайды, ал олардың философиясы адамның тіршілік әрекетінің әр саласына қатысты. «Слоу» қозғалысы - бұл, сонымен қатар, қалдықтарды бөлектеу, энергияны тиімді пайдалану, "eco friendly" белгісі бар өнімдерді сатып алу, білім берудің балама әдістері (slow school), әділ сауда және көптеген басқа нәрселер. Бізге саналы түрде өмір сүруге мүмкіндік беретін барлық нәрсе. Қозғалыстың жақтаушылары осындай өмір мүмкін деп сендіреді. Өйткені әңгіме барлығын тастап, шалғайда өмір сүріп, өсімдік өсіру туралы емес. Дәл өзімізге уақыт табу және мағынамен өмір сүру жеткілікті.
Сіз еш қиыншылықсыз өзіңіздің күнделікті өміріңізге айналдыра алатын «Slow Food» жақтаушыларының бірнеше кеңестерін ұсынамыз:
- Жұмысқа жүгірудің орнына тез қадам басыңыз. Осы кезде жүрек біркелкі жұмыс жасайды және кенеттен жүрек соғысы көтерілмейді. Үйден, әдеттегіге қарағанда, бірнеше минутқа ертерек шықсаңыз жеткілікті.
- Бәрін бірден жасамаңыз. Жұмыс жасаудың осындай қарқыны аз дағдарыс тудырады және аз күш-қуатты талап етеді.
- Өзіңіздің тамақтануыңызды мерекелеңіз. Бірігіп тамақтану және әңгімелесу байланысты нығайтады, және сонымен қатар, ол шын мәнісінде көңілге жағымды.
- Дастархан басында отырып, асты мұқият шайнап тамақтаныңыз. Газет оқып отырып, компьютер немесе теледидар алдында, жүгірісте, автомобильде, тұрып, тез қызмет көрсететін мейрамханаларда немесе далада тамақтану дұрыс емес болып табылады.
- Тағамның дәмінен және хош иісінен ләззат алыңыз. Осылай сіз асқазан сөлінің бөлінуі үшін ішек-қарын жолын ынталандырасыз, бұл ас қорытуды тездетеді.
- Дайын өнімдерді немесе шала өнімдерді қолданудың орнына, құрамындағылары мүмкіндігінше аз мөлшерде өңделген өнімдерден асты дайындаңыз. Балғын, маусымдық көкөністер мен жемістерді, пісірмені таңдаңыз. Дәмдер мен хош иістер нәзіктігі сіздің жақындарыңызды баурап алған кезде, өзіңіздің рухани қанағаттанушылығыңыздың қандай болатынын елестетіңізші.
- Шұжықты өнімдерді еттің пісірілген немесе асылған түрімен алмастырыңыз.













