Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Тарих
1853 жылы Луи Бондюэль азық-түлік өнеркәсібімен шұғылдана бастады. Ұрпақ ұрпақты ауыстырады және бастапқы қарекет те (айыру зауыты, қант зауыты, ашытқыларды өндіру зауыты) түрленіп өзгерді.
1926 жылы көкөністерді консервілеу бойынша жұмыстар басталды; алғашқы консервілер ас бұршақтан дайындалды. Осы жаңа қарекеттің тез дамуы 1957 жылы ас бұршағы мен сәбізден жасалған қоспаның тұтынушылар арасындағы үлкен жетістігімен марапатталды.
Бұл жаңашылдық рух біртіндеп дамып келе жатқан және 1968 жылы көкөністерді мұздату технологиясын, сосын 90-шы жылдары жаңа піскен көкөністер технологиясын (пакеттегі салаттар және дәмдегіш қосылған салаттар) қолдануды жалғастырған кәсіпорынды ешқашан қалдырмады. Бір уақытта, 60-шы жылдардан бастай отырып, Bonduelle өз қызметін халықаралық ауқымға - Франция және мұхит шегінен тыс кеңейтті. Қазіргі таңда Bonduelle брендісі дүние жүзінің 80-нен астам елдерінде бар.
1998 жылы Bonduelle тобы париж Биржасының екінші нарығына кірді. Ол өзін көкөністерді өңдеу бойынша технологияның бүкіл спектрін қолданатын және креативтілік пен өнімнің жоғарғы сапасы үшін тұтынушылармен мойындалған, халықаралық ауқымдағы топ ретінде ұсынды.
2003 жылы Bonduelle тобы өзінің азық-түлік өнеркәсібіндегі жұмысының 150 жылдығын, ал 2007 жылы - брендтің 60 жылдығын тойлады.













