Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Тарна

100 г тарнада – 11 ккал бар.
Тарнаның құрамында глюкоза, минералды тұздар, B және C тобының дәрумендері бар.
Дәмді әрі арзан
Бір қалыпты және салқын ауа райында өсіріледі – талғампаз өсімдік емес және төменгі температураларды көтереді. Тарнаның көкөністі және жемдік түрі бар. Картопты өсіру әлі кең таралмаған заманда өте әйгілі болған.
Тарна асханада
Тарнаны ет тағамдарымен қоса картоптың орнына беруге болады. Ол, көбінесе, асылған, бұқтырылған немесе пісірілген түрде болады. Тарна, сонымен қатар, сорпалардың немесе көкөністі тамақтардың құрамдас бөлігі болып табылады. Норвегияда міндетті түрде мерекелік тағамдардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Тарнаны кім қолдануы қажет? Тарнаның құрамында 90%-ға жуық су бар және де жоғары калориялы емес. Сондықтан, толық адамдарға және арықтауға арналған емдәмдерді ұстанатындарға да ерекше ұсынылады. Сонымен қатар, оның тері ауруларына және шаштардың түсуіне жол бермейтін, сондай-ақ шаштарды нағайтатын пайдалы әсері де белгілі. Тарнадан дайындалған шәрбат жөтелді басады.













