Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
"Сомбреро" салаты қосылған тауықтың төс еті-гриль
Тауықтың төс еті 4 дана
Лимон шырыны 15 мл.
Ақ шарап 15 мл.
Кетчуп 1 ас қасық
Бал 1 ас қасық
Терияки тұздығы 30 мл.
Өсімдік майы 50 мл.
Сарымсақтың 2 бөлігі
«Сомбреро» салатын дайындау:
Бондюэль «Сомбреро» қытырлақ салаты 300 г.
Қызыл пияз 2 дана
Чеддер сыры 150 г.
Күркетауықтың төс еті (пісірілген) 150 г.
Халапеньо бұрышы 1 қын
Рelati қызанағы 80 г.
Бидай ұнынан пісірілген тортилья 1 орам
қаймақ
Жас күнзе
Тұз, ірі ұнтақталған түрлі-түсті бұрыш.
Қызыл үрме бұршақтан езбе дайындау:
Бондюэль қызыл үрме бұршағы 200 г.
Домалақ басты қызыл пияз 30 г.
Сәбіз 30 г.
Сары май 50 г.
2-4 бөлік сарымсақ
Тауық сорпасы 300 мл.
36% қаймақ 30 мл.
Тұз, ақ бұрыш
Маринад:
- Ыдысқа барлық сұйық құраушыларды құйып, ұсақтап кесілген сарымсақты қосу керек.
- Тауықтың төс етін тоңазытқышта 24 сағат маринадтау керек.
- Грильде қуыру керек.
- Күркетауықтың пісірілген төс етін суытып, төртбұрыштап кесу керек.
- Рelati қызанағын дәнінен тазалап, ұсақтап кесу керек.
- Чеддер ірімшігін көкөніске арналған ірі үккішке үгіту керек.
- Халапеньо бұрышын және қызыл пиязды төртбұрыштап кесу керек.
- «Сомбреро» қытырлақ салатын кесілген өнімдермен араластырып, жас күнзе, тұз бен бұрышты дәмі бойынша қосу керек.
- Осы түрде дайындалған тураманы тортильяларға салып, ораймыз.
- Ұсақтап кесілген сәбіз бен қызыл пиязды сары майға пияз қызарғанша қуыру керек, қызыл үрме бұршақ және кесілген сарымсақпен тауық сорпасын қосу керек.
- Дайын болғанша бұқтырып, сонан соң араластырғышпен ұнтақтау керек.
- Қаймақ қосып, тұзбен және бұрышпен дәмі бойынша дәмдеу керек.
Беру тәсілі
Үрме бұршақ езбесін тәрелкеге салу керек. Езбенің үстіне ірі тілімдеп кесілген тауықтың төс еті-грильді салу керек. Жанына духовкада қыздырылған, екіге бөлінген, қаймақ құйылған тортильяларды салу керек. Жас күнземен және көк пиязбен безендіру керек.













