Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Ұзын қызыл Чилилер кәрзеңкесі
Бұрыштың ащылық шамасы бар.

Тегіс ішке арналған емдәм

Асханада көп уақыт жұмсағанды қаламайтын, бірақ аз мөлшерде және жиі тамақтанатындарға және мықын мен іштен бірнеше сантиметр алып тастығысы келетіндерге арналған емдәм.
Емдәм және жаттығу
Бұл емдәм жай арықтағысы келетіндерге жарамайды, өйткені оның мақсаты (белгілі жаттығулармен бірге) іш бұлшықеттерін нығайту және сергіту болып табылады.
 
ішті тегістейтін жаттығулар:










Күні бойы 450 мл майсыздандырылған сүтті, құрамында қанты аз 150 мл жеміс шырынын, қантсыз шәй және кофе (көрсетілген күндізгі нормадағы сүтпен), сонымен қатар шексіз мөлшерде су ішу қажет. 

Емдәм төрт аптаға созылуы қажет, бірақ ол біткеннен кейін де құрамында майы аз өнімдерді қолдануды жалғастырған жөн және күндізгі калориялар нормасын біртіндеп көбейтуге болады.

 
Тегіс ішке арналған бінеше жаттығулар:
Басты көтеру арқылы бұрылулар
Арқаға  жатыңыз, қолдарыңызды жан жаққа созыңыз. Түзу аяқтарыңызды көтеріңіз, оң аяқты бүгіңіз. Дем алыңыз да, бір уақытта оң аяғыңызды сол аяққа соза отырып, сол бүгілген қолыңызбен басыңызды оңға итеріңіз. Тынысыңызды шығарыңыз, аяқтарыңыз бен басыңызды босатыңыз. Жаттығуды бір рет бір жаққа, екінші рет екінші жаққа, 8 рет жасаңыз.
Денені көтеру және түсіру
Тізерлеп тұрыңыз және алақандарыңыз бірінің қасында бірі орналасатындай етіп, шынтақтарыңызға тіреліңіз және "мысық арқасы" деп аталатын күйді сақтай отырып,  ішіңізді баяу еденге қарай түсіріңіз. Дем алыңыз және бастапқы қалыпқа  келіңіз. Көтерілгенде дем алыңыз, түсіргенде - дем шығарыңыз. Жаттығуды 8 рет жасаңыз.
Аяқтарыңыз бен қолдарыңызды жоғарыға
Арқаға жатыңыз, көтерілген, түзу қолдарыңызды басыңыздың артынан біріктіріңіз. Баяу басыңыз бен аяқтарыңызды көтеріңіз, оларды бірге түзу ұстаңыз. Көтерілгенде қолдарыңызды арқа мен бөксе еденнен алынбайтындай қылып, ұстаңыз. Бас көтергенде, терең тыныс алыңыз, аяқтарыңыз бен басты түсіргенде дем шығарыңыз. Жаттығуды 8 рет қайталаңыз.
 
Бізге тегіс ішке ие болуға  мүмкіндік беретін емдәмнің негізі бұл күні бойы құрамында майлардың аз ғана мөлшері бар үш рет тамақтану. Тамақтану арасында жеңіл тамақтанулардан оттан қашқандай бас тарту керек. Конфеттер, печенье, майлар және басқа да майлар, ірімшіктер (сүзбеден тек майсыздандырылғаны ғана болады), қуырылған тағамдар, майлы ет сияқты және шұжық мен паштет сияқты ет тағамдары тәрізді тыйыи салынған азық-түліктердің тізімі өте ұзын.
Үш салауатты тамақтану ұсынылады: азаңғы ас, ланч және салқын асарлықтан, екінші тағамнан және басытқыдан тұратын негізгі ас. 
 
Мәзір
Азаңғы ас
1 шәй қасық қант пен 115 г жаңа піскен жемістер қосылған 50 г жүгері қауыздары
Ланч
Табиғи йогуртпен немесе салаттарға арналған тұздықпен араластырылған, асылған 1 жұмыртқасы бар екі тілім қара наннан жасалған бутерброд. 
Негізгі ас
Салқын асарлық:
сарымсақты-жалбызды тұздығы бар шикі көкөністер
Екінші тағам:
қозықұйрықтар қосылған кебаб
немесе
макарондардан жасалған пісірме
немесе т
ауық етінен жасалған палау
Басытқы:
нәрлілігі төмен шоколадты мустың 1 орамасы немесе құлпынай басытқысы.

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Фитнес жаттығулары біздің армандарымызды орындайды
Бұл, әсіресе соғы онжылдықта әйгілі болған миллиондаған адамдардың өмір сүру мәні.