Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Түрік тағамдары
Тамақтар байлығы
Түріктердің кәдімгі таңертеңгі асы наннан, қой сырынан, зәйтүннен, қызанақтан, қиярдан, сондай-ақ mercimek áorbasi – жасымықтан әзірленген көжеден құралады, оны көп мөлшерде нан қосып ішеді. Әрбір тамаққа Түркияда ерекше мәлім, meze алуан түрлі жеңіл тамақтарын қосады.
Көкөністік тәуелсіздік
Түрік асханасында көкөністерді қоспалар ретінде пайдаланудан басқа, оларды жеке тамақтар деп есептейді. Оған тамаша мысал - әйгілі түрік тағамдарының бірі Imam Bayildi.
"Есінен танған имам" (сөзбе-сөз аудармасы осындай) - бұл ішіне пияз, қызанақ және сарымсақ салынған кәді. Тамақтың зәйтүн майында әзірленуіне қарамастан, оны суық түрінде жейді.
Бұл тамақтың шығу тегімен байланысты көп аңыздар бар. Олардың біреуінде алғаш рет оның дәмін татқанда, исламдық Имам есінен танып құлап қалды делінген.

Шай немесе кофе?
Кофенің орасан зор мәлімділігіне қарамастан, Түркияда нөмір бірінші сусын шай болып есептеледі. Егер түріктің қолы бос болса - онда ол міндетті түрде шай ішуге барады деген мәтел бар. Шайды 10 минут бойы бұқтырады. Сонан соң күшті шайға қайнаған су және көп мөлшерде қант қосады. Шайды қызғалдақ түріндегі кішкентай стакандармен береді.
Меззе жеңіл тамақтары - бірінші кезекте …
Оларда тек қана жеңіл тамақтар беретін, жеке мейрамханалар да бар. Мұндай жеңіл тамақтар толық тамақ ішумен бірдей болады, олар өте дәмді және жұғымды. Вeyaz peynir – қой сүтінен жасалған сүзбеге, yaprak dolmasi – жүзімнің турама жапырақтарына, tarama – нәлім балық уылдырығынан жасалған пастаға, немесе kabak kizartmasi – йогуртты тұздықта қуырылған цуккиниге назар аудару керек. Түркияда imam bayildi (есінен танған имам), қызанақ, пияз және сарымсақ қосып қуырып пісірілген баялды ерекше жақсы мәлім. Мұндай жеңіл тамақтарды тек қана қолмен жейтіні ерекшелік болып табылады.

Түрік асханасының еттен дайындалған тамақтары бүкіл әлемге әйгілі. Құран түріктерге шошқа етін қолдануға рұқсат бермейді, бірақ бұл шектеу еттің басқа түрлеріне, мысалы қой етіне қойылмайды. Түркияда турама ет жақсы мәлім, оны көкөністер қосып дайындайды.
Балық пен теңіз өнімдерінен дайындалған тамақтар да Түркияның теңіз маңындағы өңірлерінің маңызды бөлігі болып табылады.













