Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Тұзды асарлықтардағы калориялар мөлшері

Тұзды асарлықтар тоқмейілділік сезімін береді. Олар тәбетті қосымша күшейтетін әр түрлі шөптер мен ащы дәмқосарлармен жиі тұздалады. 100 г өнімге келетін тұздың көп мөлшері бізді шөлдетеді, ал ішілген сұйықтық ағзада кідіреді. Емдәмдегі тұздың артықшылығы, әсіресе, кейбір тұлғаларда, аса жоғары қан қысымының дамуына алып келуі мүмкін.
| Өнімдер | Сан | Энергетикалық құндылығы (ккал) | Ағуыздар (г) | Майлар (г) | Көмірсулар (г) |
|---|---|---|---|---|---|
| Жүгері таяқшалары | 100 г | 352 | 8,9 | 3,0 | 78,9 |
| Қаймақты кепкен нан | 100 г | 399 | 8,5 | 10,8 | 66,7 |
| Кәдімгі білезік нан | 100 г | 317 | 10,4 | 1,3 | 64,1 |
| Кәдімгі тоқаш | 100 г | 335 | 10,9 | 1,3 | 68,0 |
| Майлы попкорн | 100 г | 518 | 9,0 | 28,1 | 57,1 |
| Майсыз попкорн | 100 г | 397 | 12,0 | 4,2 | 77,9 |
| Тәтті ши нан | 100 г | 373 | 9,7 | 6,0 | 69,2 |
| Тұзды ши нан | 100 г | 385 | 9,9 | 4,9 | 75,2 |
| Чипсы | 100 г | 549 | 6,0 | 40,0 | 50,4 |
Тұзды асарлықтар және салауатты емдәм Чипстер тазартылған және жіңішке тілімдерге туралған картоптан дайындалады, сосын оларды жоғарғы энергетикалық өнім ететін тұз немесе басқа татымды дәмқосарларды қосу арқылы өсімдік майында қуырылады. Чипстерді қуыру үшін пайдаланылатын май сапасының мардымды мәні бар, өйткені денсаулық үшін зиянды транс-май қышқылдарының изомерлері бөлінуі мүмкін технологиялық үрдіс кезінде ол өзгереді. Сонымен қатар, кортоп құрамындағы, ең болмаса, жоғарғы температураларға сезімтал С дәрумені сияқты дәрумендер азаяды.
Соломка, сонымен қатар, нәрлілігі жоғары өнімдерге жатады, оның кейбір түрлері майдың мардымды мөлшерімен қамтамасыз етеді (шамамен 30%). Күнжітті қосу соломканың нәрлілігін жоғарылатады. Тұзды соломка құрамындағы ұсынылған күнделікті үлестен елеулі артық тұздың өте жоғары мөлшерімен ерекшеленеді.
Қан қысымын төмендетуге иістіжелкен көмектеседі. Зерттеулер иістіжелкенде қан қысымын реттейтін қосылыстардың бар екендігін растады. Тұзды асарлықтар жүдеуге мүмкіндік туғызбайтын және дене салмағының үлкеюіне алып келетін өнімдердің тізімінде негізгі орындардың бірін алатыны осының бәрі дәлелдейді.
Пуфинг – салауатты жеміс және көкөніс чипстері Нарықта жаңа әдіспен дайындалатын жеміс және көкөніс чипстері көбірек пайда болуда. Ол «пуфинг» деп аталады және ол қуырылуға емес, микротолқындарды қолдану арқылы судың булануына негізделген. Осының арқасында, осындай түрмен алынған чипстер, дәстүрлі түрлері сияқты қытырлақ болады. Бұл өте маңызды, өйткені барлық үрдіс шамамен 28 °C температурада өтеді, жемістер мен балдыркөк дәрумендер мен минералдардың жойылуы жүрмейді. Осындай чипстердің орамасында көкөністер құрамындағы сияқты ағзаны қамтамасыз ететін қоректік құндылықтар бар деп айтуға болады. Жаңа әдіспен дайындалған чипстердің құрамында өнімнің 100 г. шамамен 250 ккал бар. Энергия, негізінен, көмірсулардан туындайды. Сонымен қатар, көп балласт заттар бар. Өз кезегінде, қуырылған чипстерде энергия майдан алынады.













