Үнді асханасының тамақтары - сезімдерге арналған нағыз жұмақ.
Тамаша безендірілген тамақтар көзді қуантады, дәмдеуіштердің хош иістері еліртеді, ал дәмдердің алуан түрлілігі таң қалдырады. Тамақтану рәсімі жеңіл тамақтардан, көбінесе салаттан, басты тамақтан, пасталардан, пиклиден және тамаша тәтті нан өнімі - чапатиден тұрады, оны көкөністермен және күрішпен жейді. Үндістердің көзқарасы бойынша ас құдайдың адамдарға берген сыйы болып табылады. Сондықтан да тамақтарды дайындау құрмет пен ынтаны талап етеді.
Мәжбүрлі вегетариандықтар
Бастапқыда, отарлану дәуіріне дейін, Үндістанда етті тек жауынгерлер ғана қолданған. Ал қазір тұрғындардың көпшілігі өз еркімен емес, мәжбүрлі
вегетариандықтар болып табылады… Үнді асханасы әсіресе көкөністерге шығармашылықпен қарайды. Онда оларды әзірлеу үшін жасымық,
үрме бұршық,
цуккини,
кәді және
қызанақ,
гулді қырыққабат және
саумалдық пайдаланылатын көп тамақтарды табуға болады .
Йогурт және Үндістанда қасиетті сиырларға табыну
Қасиетті сиырларға табынудың бар болуына байланысты Үндістанда сиыр етін қолдануға тыйым салынған. Екінші жағынан, сүт өнімдері, әсіресе йогурт (дахи) үлкен мәлімділікпен пайдаланылады. Көптеген үнді үйлерінде дахисіз ас ішу толық емес болып табылады. Бұл айтарлықтай қарапайым түрде түсіндіріледі. Сүт өнімдерінің құрамында болатын казеин өте ащы тамақтан кейін пайда болатын шөлді жақсы қандырады.
Жақсы мінез ережелері
Дәстүрлі үнді тамағын қолмен жейді, оң қолмен чапати бөлігін үзіп алып,
оның үстіне көкөністер немесе ет қосылған күрішті салады. Әрине, егер әлдемкімге қолмен жеу ыңғайсыз болса, шанышқыны немесе пышақты пайдалануға болады. Сондай-ақ үндістердің ас ішкенде алкогольді қолданбайтынын ұмытпау керек, оның орнына мұз қосылған су немесе йогурт (дахи) пайдаланылады.
Дәмдеуіштер патшалығы
Дәстүрлер мен тарихи оқиғалардың әсер етуі нәтижесінде, үнді аспазшылары дәмдеуіштер бойынша мамандарға айналды. Үндістанның көп бөлігі вегетариандық болып табылады, сондықтан
дәмдеуіштерді шеберлікпен пайдалану нағыз өнерге айналды. Үнді асханасында пайдаланылатын дәмділіктердің орасан көп түрлерінің арасында зирені, күнзені, куркуманы, кардамонды, қызыл және жасыл чилиді, дәм қабығын, зағыпаранды, қалампырды, жұпар ағаш жаңғағын, зімбірді, әністі, күнжітті,
пияз бен
сарымсақты ерекше атап кетуге болады.
Карри
Орасан зор мәлімділігіне қарамастан, карри қарапайым халықтың тамағы болып есептеледі. Сондықтан кейбір үндістер
"карри" деген сөзді жек көреді, өйткені біз дастарханға қойған тамақты сынап отырмыз деп есептейді. Бірақ көптеген тамақ талғағыштар үшін бұл тамақ аспаздық сиқыр болып табылады. Карридің орасан көп түріне қарамастан, карриді дайындағанда оларды қоспау мүмкін болмайтын қоспалар тобы (сарымсақ, зімбір, пияз, чили бұрышы немесе йогурт) бар.
Мықты денсаулық
Мамандар үнді тағамдары тек дәмді ғана емес, сонымен бірге пайдалы деген тұжырымға келді. Мұнда етті қолданудың үнділік тәсілі үлкен роль атқарады, оның кішкентай бөлшектері шамалы қуырылған немесе бұқтырып пісірілген көкөністермен немесе жемістермен араластырылған. Мамандардың айтуынша, бұл ағзада қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына қарсы әсер етеді, сондай-ақ семіздікпен және қант диабетімен күресуге көмектеседі.