Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Үрме бұршақ

Латын атауы:
Phaseolus vulgaris
Бұршақ тұқымдастарының біржылдық немесе көпжылдық өсімдігі. Қоректік бұршаққындарды немесе бұршаққын ішінде орналасқан дәндерді алу үшін өсіреді. Үрме бұршақтың отаны - Оңтүстік, Орталық Америка және Үндістан. Қазіргі таңда үрме бұршақ бүкіл дүние жүзінде өсіріледі.
Бұршақ көкөністері
 
Үрме бұршақтың 100 г – 26-дан 346 ккал-ға дейін
Құрамында өсімдік ағуызы, кальций, фосфор, калий, темір, B1, B6, C, K дәрумендері бар.
 

Бұршаққындармен де болады!

Итальяндықтар мен француздар үрме бұршақтың талшықты емес сортын өсіріп шығарды. Оны, яғни бұршаққынды, ішінде орналасқан дәндерімен қоса - тұтастай жейді.

 

Құнарлы дәндер

Үрме бұршақтын түгелдей жуық сұрыптарының талшықты бұршаққындары бар және олар аса құнарлы құндылыққа ие бұршақтарды алу үшін өсіріледі. Бұл бұршақтар сақтау үшін кептіріледі. Олардан әр түрлі тағамдар дайындау үшін, қолданар алдында бұршақтарды суда жібітіп алады.

 

Үрме бұршақ - барлығының бастауы

Америка мен Азияның тропикалық аймақтарында үрме бұршақ өз бетінше өседі. Әдетте, ол ішінде аз ғана дәндері бар бұршаққындар береді. Үрме бұршақтың орасан зор сұрыптары мен түрлері бар. Кейбір аймақтарда, әсіресе, Оңтүстік Америкада үрме бұршақ негізгі ас болып табылады - ол жақта үрме бұршақ Азиядағы күріш немесе Еуропадаға картоп сияқты маңызды рольді атқарады. 

 
Үлкен жанұя
Үрме бұршақтың шамамен 200 түрі бар. Ең танымалдарына бұршаққынды үрме бұршақ (жасыл және сары), ақ және қызыл үрме бұршақ, "Borlotti" үрме бұршағы және мексикалық қызыл үрме бұршақ жатады - бірақ бұл тек тізімнің басы ғана!
 
 
 Бұршақ көкөністері 1
Ақсүйектер ханымы

Үрме бұршаққа 8000 жыл деп есептелінеді. Колумбқа дейін ол америка тағамының жүгері және асқабақпен қатар "үш апалы-сіңілілердің" бірі болып табылған. Ацтектер "ayacolt”, яғни үрме бұршаққа тірек ретінде қызмет жасаған жүгерімен қоса үрме бұршақты өсірген. Қазіргі таңда үрме бұршақ - бұл дүниедегі өсімдік ағуызының негізгі көздерінің бірі. Ол бүкіл дүниежүзі халықтарының тағамында кездеседі. Үрме бұршақтың шамамен 30 000 сұрыптары бар, олардың 500-ден астамы - мәдени сұрыптар.

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Тай Чи - негізі белсенді медитацияға бағытталған дәстүрлі Қытай тәжірибесі
Негізгі назарды белсенді медитацияға аударатын дәстүрлі қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі.