Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Вассаби – Жапон ақжелкегі

100 г вассабиде 109 ккал бар
Оның құрамында гликозит, А продәрумені, В тобының дәрумендері, С дәрумені және минерал тұздары және күкүрт көп.
Жапон дастарханының дәмдеуіші
Жаңа езілген тамыры ақжелкектің орнына пайдаланылады. Вассабиді қатты күйдіреді және ол өте ащы болады. Ол ақжелкекке қарағанда ащырақ. Еуропа елінде жаңа вассабиді табу қиын. Онда вассаби ұнтақ ретінде сумен араластырып паста ретінде пайдаланылады. Оны дайын сықпа түрінде таба аласыз.
- Жапон дастарханында вассабиді соя соусымен аралыстырып, суши немесе сашими тағамдарын малып жеуге қосады.
- Вассабиді соя соусымен, жанжабілмен, сарымсақпен және жаға кориандерімен араластырып, балық немесе ет маринаттау үшін пайдаланады.
- ‘Батылдық үшін’ мақсатында ет немесе ірімшік малып жеуді ұсынамыз.
- Ал майонез қосқанда, жұмыртқа және салқын ет жегенде өте керемет дәм береді.
Уды қайтаратын дәрі
Мыңдаған жылдар бойы вассаби уға қарсы шипа ретінде қолданған (шикі балық түрінде пайдалы), оны ғалымдар зерттеп дәлелдеген. Өсімдіктің фунгицидтік, антисептикалық және несеп айдағыш қасиеті танымал. Асқазанның қортуына, ұйқы безіне және қыжыл болған кезде өте пайдалы. Ал сырттай қолдануда артритке компресс ретінде, невралгия және бұлшық етте ауру пада болғанда пайдаланады. Вассаби өсімдігі полифинолдарға өте бай. Ол бос радикалдардың әсерін азайтатын антиоксидант болып табылады.
Арнайы акула терісін өткізетін үккіш
Жапон дастарханының дәстүрі бойынша, вассабидің тамырын аршып, қылшақпен тазалап, үккіштен өткізеді. Кейбір Жапон аспаздары ол үшін арнайы акуланың терісіне арналған үккішті пайдаланады, ал кейбірі металлдан жасалғанын пайдаланады. Акула Үккіштен өткізген вассабиге жұмсақтық пен жұпар иіс береді.














