Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Сіз білесіз бе...
Соя бұршақтары көптеген аурулардан сақтайды. Бұл факт Жапон және Қытай халықтарының тамақ ішу жолдарын зерттеу арқылы табылған. Себебін білген жөн.
Вьетнамша сиыр еті қосылған салат
дайындау уақыты:
45 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
жеңіл
Вьетнамша сиыр еті қосылған салат рецепті, вьетнамдық тағамдар тамақтары.
Өнімнің сипаттамасы
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
1 үлкен жаңа піскен қияр
1 үлкен сәбіз
тұз
250 г саумалдық
2 лайм
2 қасық балық тұздығы
1/2 қасық қант
1/2 қасық қнтақталған чили бұрышы
1/2 қасық сезам майы
1 бөлік сарымсақ
бір кесек зімбір (тазаланған және ұсақтап кесілген, не болмаса үгітілген)
1/4 стакан күнбағыс немесе зәйтүн майы
250 г сиыр еті (ростбиф немесе филейка), өте жұқа кесектермен кесілген және зәйтүн майына қуырылған
3 қасық қуырылған және ұнтақталған жер жаңғағы
күнзе
ірі ұнтақталған бұрыш
Пияз майы:
1/4 стакан күнбағыс немесе зәйтүн майы
4 ұсақтап кесілген үлкен шарлот пиязы (скорода пиязымен бірге)
1/4 қасық тұз
Дайындау әдісі
Пияз майы - дайындалуы:
- Майды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек.Оған кесілген шарлот пиязы мен тұз қосу керек. Шарлот пиязы қытырлақ болғанша және қызарғанша қуыру керек.
- Бұл кезде шарлот пиязын оттан алып, пиязды қоңыр түске айналғанша, ыстық майда қалдыру керек. Майды салаттар, пісірілген тауық еті, макарон бұйымдары , көже және көптеген басқа вьетнамдық тамақтар үшін пайдалануға болады.
- Оны тоңазытқышта тығыз жабылған банкада (екі аптаға дейін) сақтауға болады.
Салат - дайындалуы:
- қиярды жұқа кесектермен кесіп, тұздап, оны шырын беріп, ағып кетуі үшін, 15 минутқа елекке салу керек.
- Сәбізді барынша жұқа кесектермен кесіп қою керек. Қияр шырын бергенде, оны қолмен қатты қысу керек. Бір лаймды кесектерге кесіп қою керек.
- Кішкентай тостағанда екінші лаймның шырынын балық тұздығымен, сезам майымен, қантпен, ұнтақталған чили бұрышымен, зімбірмен араластыру керек.
- Дайындалған тұздықты қиярдың және сәбіздің үстіне құйып, дәмдері араласуы үшін, бес минутқа қалдыру керек.
- Саумалдықты іріктеп, тазалап, жуу керек. Қағаз сүлгімен мұқият сүртіп, үстіне пияз майын құйып (1-2 қасық май қалдыру керек), ыдысқа салу керек.
- Саумалдық қабатына тқздықпен бірге сәбіз кесектерін салып, айналасына етті салу керек. Қалған 1-2 қасық пияз майын құйып, жер жаңғағын және жаңа ғана ұнтақталған бұрышты себу керек. Күнзе жапырақтарымен және лайм кесектерімен безендіру керек.
Беру тәсілі:Күнзе жапырақтарымен және лайм кесектерімен безендіру керек.
Тегтердi бұлт
Күн рецептісі
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.
Дене белсенділігі
Суда жаттығулар жасау бұрыннан бері қолданылып келеді, бірақ соңғы жылдары олардың әуенмен үйлескен жаңа түрі пайда болды.













