Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Ұзын қызыл Чилилер кәрзеңкесі
Бұрыштың ащылық шамасы бар.

WHR (Waist Hip Ratio) калькуляторы

Пайдаланушылар бағалары:
Баға жоқ
Сенің бағаң:
Мықын шеңбері мен бөксе шеңберінің қатынасы. Бұл адам денесіндегі май тіндерінің таралуының көрсеткіші. WHR май тіндерінің орналасуын, адам тұлғасының түрін және, егер ол орын алса, семіздіктің түрін анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің калькуляторымыздың көмегімен беліңіз мен бөксеңіздің арақатынасын анықтаңыз

                      Біздің калькулятор көмегімен өзіңнің WHR есепте!

Неге өз WHR есептеген жөн?

Әр түрлі аурулардың пайда болуына және дамуына те қана семіздік емес, сонымен қатар оның түрі де әсер ететіні туралы шешімге соңғы зерттеулер алып келді.
Әсіресе, денсаулық үшін қауіптісі іш айналасындағы май тіндері болып табылады. Тіндердің орналасуы мен семіздіктің түрін анықтау үшін мықын шеңбері мен бөксе шеңбері қатынасының көрсеткіші  (Waist/Hip Ratio, немесе WHR). қолданылады. Бұл көрсеткіш, әдетте, әйелдер мен ерлердегі физиологиялық өзгешеліктерге байланысты, әйелдер мен ерлер үшін әр түрлі түсіндіріледі.


Семіздіктің түрі - олар қалай біздің денсаулығымызға әсер етеді?

Семіздікті әдетте екі түрге бөледі:
- құрсақ (алма, андроидальді, ерлер) түрі - көбінесе ерлерде, ал әйелдерде менопаузадан кейін кездеседі. Денсаулық үшін аса қауіпті, өйткені әр түрлі аурулардың қауіп-қатері жоғарылайды, соның ішінде қан тамырлар жүйесі, жоғарғы қысым және сусамыр. Құрсақ түріндегі семіздік бел шеңберінің ұзындығы ерлерде 102 см-ден және әйелдерде 88-ден см артық болғанда басталады.
- бөксе-санды түрі (алмұрт тектес түр) - көбінесе әйелдерде бөксе мен сан аудандарында май тіндерінің жиналуымен кездеседі, денсаулық үшін аса қауіпті емес.

Май тіндерінің орналасуын анықтау үшін, бел шеңберін өлшеуден басқа, WHR көрсеткішін де қолданады.

 

Бөксе мен бел шеңберлерінің ұзындығын қалай дұрыс өлшеу қажет?

Бөксе мен бел шеңберін тұрған қалыпта , екі жаққа созылған қолдармен есептеген жөн. Сондықтан сізге көмекші қажет.

Бөксе шеңберін есептеу:
- әйелдер - бөксе шеңбері қай жерде ең үлкен болса, өлшеуді сол жерде жүргіземіз,
- ерлер - жамбас сүйегінің жоғарғы аяқталу деңгейінде өлшеуді жүргіземіз.

Бел шеңберін есептеу:
- әйелдер - өлшеуді қабырғалық доғаның төменгі шеті мен жамбас сүйегінің жоғарғы шеті аралығының ортасында жүргіземіз,

- ерлер - өлшеу кіндік деңгейінде жүргізіледі. 

WHR дұрыс көрсеткіші және денсаулық - қалай түсінеміз?

WHR көрсеткіші семіздік түрін көрсетеді.
WHR қалаған көрсеткіші төмендегілерге тең:
- әйелдер үшін – 0,71-ден 0,85-ке дейін
- ерлер үшін – 0,78-ден 0,94-ке дейін

Осыдан жоғары көрсеткіштер "алма" түріндегі семіздікке нұсқайды, ол мынадай аурулардың себебі болуы мүмкін: қант сусамыры, қан тамырлары жүйесінің аурулары, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз, артерия гипертензиясы.

Төменірек көрсеткіштер "алмұрт" түріндегі семіздікті көрсетеді, оның денсаулық үшін қауіптілігі төмендеу.


Ерлердің көзқарасымен WHR көрсеткіші әйелдердің тартымдылық көрсеткіші ретінде

Ерлердің көзқарасымен WHR көрсеткіші әйелдер тартымдылығының бағасына қатты әсер ететінін ғалымдар дәлелдеген. WHR көрсеткіші 0,7-ге тең (белдің шеңбері бөксе шеңберінің шамамен 70% тең) әйелдер ерлер үшін тартымдырақ деп есептелінеді. Мэрилин Монро, Софи Лорен және, тіпті Венера Милосская сияқты әйел сұлулығының әлеммен танылған эталондарының  бойы мен салмағы әр түрлі болғанына қарамастан, WHR көсеткіштері 0,7-ге өте жақын болған.

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Калланетика - рекреациялық жаттығулардың бір түрі
Калланетик үйде айналысуға болатын, рекреациялық жаттығудың түрі.