Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Жақсы жадқа арналған емдәм
Өмірдің барлық салаларының қарқыны және дамуы біздің көп білуімізді және жұмыс істеуімізді талап етеді. Біздің басымыздағы артық ақпаратты реттеуге көмектесетін курсқа жазылуға болады, бірақ біздің жұмыс істеуіміздің негізі болып табылатын салауатты тамақтану және күнделікті емдәм туралы ұмытпаңыз.

Кім ұмытып қалады?
Жадпен болатын проблемалар жас мәселесіне ғана байланысты емес. Бүгінгі күні бұл проблема жас және кәсіптік белсенді адамдар үшін маңызды.
Глюкоза Тиімді ойлау, назар салу немесе есте сақтау біздің организмге энергияның сәйкес мөлшерінің түсуін талап етеді. Мидың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көмірсулар пайдалы әрекет етеді. Негізгі энергия көзі глюкоза болып табылады, ол тұтас дәннен әзірленген ботқаларда, қоңыр күріште, ірі тартылған ұннан пісірілген нанда, жемістер сүйектерінде, тұқымдар мен жемістерде бар болады.
Белок Белоктар біздің организмнің барлық клеткаларының құрылыстық материалы болып табылады және олардың қалпына келуі мен түрленуі үшін жауап береді. Белоктың жетіспеуі ойлау процестерін, организмнің өсуін және дамуын тежейді, сондай-ақ иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Емдәмдегі белоктың ең жақсы көзі: ет, ірі бұршақ өсімдіктері, шұжық өнімдері, құс еті, балық, сүт, сыр және жұмыртқа болып табылады. Еттің майсыз түрлерін таңдау керек, ал белоктардағы қажеттіліктің орнын сүт өнімдерімен толтырыңыз.
Лецитин Лецитин жадтың жақсаруына әсер ететін фосфолипид болып табылады. Лецитинді назар салуды жақсартатын препараттар компоненті ретінде жиі пайдаланады. Ол клеткалардың қабырғаларын жасайды және миды және нерв ұлпасын құраушы элемент болып табылады. Қан айналымын жақсартады, қанның және оттектің миға дұрыс кіруіне әкеледі және қартаю процестерін тежейді. Сондай-ақ лецитин қандағы зиянды холестериннің деңгейін азайтады, бұл склерозға, жүректің ишемия ауруына және церебральды ишемияға қарсы әрекет етеді. Лецитин сондай-ақ соя тұқымдарында, грек жаңғағында және және жер жаңғағында, жұмыртқаның сарысында және бидай өсінділерінде болады.
Калий Калий біздің организмнің маңызды минералдарының бірі болып табылады. Ол жүректің дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді, су және қышқыл-сілті балансын реттейді. Калий мидың оттекпен қоректенуі үшін жауап береді, бұл ойлауды жақсартады. Калий ірі бұршақ өсімдіктерінің тұқымдарында, картоп та, балдыркөкте, сәбізде, қызанақта, бананда, алхорыда, қарақатта және кептірілген жемістерде болады.

Мырыш Мырыш микроэлемент болып табылады, тіпті оның минимум жетіспеуінің өзі назар салу және есте сақтау процесін қиындатады. Сондықтан ол өзінің ойлау қабілетін жақсартқысы келетін адамдарға, сондай-ақ қартайғанда ақылдың кемдігі әсерлерін болдырмау мақсатында егде жастағы адамдарға ұсынылады. Мырыштың көзі устрицалар, теңіз балық, ірі бұршақ өсімдіктері, дақылды өнімдер және бидай болып табылады.
Тура қазір бастаңыз Сіздің миыңыз ұзақ жылдар бойы жақсы қызмет көрсетуі үшін, миыңыздың дұрыс жұмыс істеуі туралы қазірдің өзінде қам жегеніңіз маңызды болады. Біздің өзіміз үшін және организміміз үшін жасай алатынымыз күш жұмсалатын белсенділікпен үйлескен дұрыс және салауатты емдәм болып саналады.
Ас мәзірі
Таңертеңгі ас:
бір рет еленген қара бидай ұнынан пісірілген нан, май, салат, құс етінен әзірленген ветчина, сары сыр, қызанақ, ақжелкен, көк шай
Екінші таңертеңгі ас:
банан, табиғи кефир
Түскі ас:
пісірілген картоп, дәмдеуіштер қосылған тауықтың төс етінен әзірленген, шоққа пісірілген ет, пісірілген қояншөп, жеміс шырыны
Бесіндік:
грек жаңғақтары
Кешкі ас:
бір рет еленген қара бидай ұнынан пісірілген нан, май, салат, өз тұздығындағы тунец, соя өсінділері, сәбіз шырыны













