Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Дәмді фрактал көкөнісі
Гүлді қырыққабат пен романесконың қаржы және медицина саласымен не байланысы бар ... ?

Жапон тағамдары

Табиғи және үйлесімді жапон тағамдары әлемде ең пайдалы болып есептеледі. Төмен калориялы, ағуыз бен темірге бай, сонымен бірге құрамында холестерин мен майлардың әр түрлері аз.

Басқа тағамдармен салыстырғанда оларда дәмдеуіштер дерлік жоқ, олар күрішке, соя өнімдеріне(miso, tofu),  балыққа, теңіз өнімдеріне, балдырлар мен көкөністерге негізделген. Қарапайым, тамаша безендірілген тамақтарымен әйгілі, оларда бірде-бір құраушы қалғанының табиғи дәмін өзгертпейді.

 
Суши

Суши тарихы небары 1300  жылға созылады. Біз оны бүгінгі күні қандай түрде білеміз, сол түрдегі сушиді алғаш рет жапон аспазшысы  Ханая Йохей (Hanaya Yohei)  дайындады.  Негізінде бұл тамақ жапон ақ желегінің - wasabi кішкентай бөлігі қосылған күріштің кішкентай түйіршігіне салынған балық тілімінен тұрады. Оны дайындау үшін ең жоғары сапалы күріш пайдаланылады, ол сірке суымен дәмделеді. Әрине, бұл тамақтың басты құраушысы балық, және де оның ең дәмді бөліктері болып табылады.

 
 
 Жапондық тамақ және ас даярлау жөніндегі ақпарат

Табиғи және үйлесімді ...

Жапониядағы асхана өңіріне байланысты ерекшеленеді, алайда, барлық өңірлерді біріктіретін бір нәрсе бар .... Сонымен, әрбір дерлік тамақтың негізгі бөлігін күріш құрайды.  Бүкіл Жапониядағы климат көп күтімді қажет ететін осы өсімдікті өсіруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қоса, әсіресе ерте уақытта Жапонияда етті дерлік қолданбаған, жапондықтар  ас үлесінің негізін балық құраған, бүгінгі күні де ет соншалықты әйгілі емес. Мәні бойынша, жапон тағамдарын сипаттау үшін екі сөз жеткілікті: «табиғи және үйлесімді».
 негізгі дәрумендер бар пайдалы жапон асы
 
 
Суши түрлері:

Нигири (Nigiri) - үстіне тунецтің, ас шаянның, сегізаяқтың, пісірілген жұмыртқаның тілімдері салынған күріш түйіршіктері;
Гункан (Gunkan) - теңіз өнімдерімен толтырылған күріш пен кептірілген балдырлардан дайындалған тостағандар;
Норимаки (Norimaki) – тураманың әр түрі салынған, суши күрішінен және балдырлардан дайындалған орамалар;
Темаки (Temaki) – суши күріші, теңіз өнімдері және көкөністер толтырылған балдырлардан дайындалған түтікшелер;
Оши (Oshi) – ағаш қорапшада тығыздалған балық және күріш;
Чираши (Chirashi) – онда теңіз өнімдері, қозықұйрық және көкөністер суши күрішінің ас үлесіне салынған тамақ.

 
 

Kyuho – жапондық этикет ережелері

• ешқашан екінші адамға тамақты таяқшалармен бермеңіз (бұл буддистік жерлеу салтымен байланысты, ол кезде оған қатысушылар мәйіт салынған сауытты бір-біріне береді); егер тамағыңызбен бөліскіңіз келсе, екінші адамға тәрелкені ішіндегісінің барлығымен беріңіз де, оның өзіне таңдау мүмкіндігін беріңіз
• егер Сіз біреумен бір ыдыстан тамақ ішуге ниеттенсеңіз, екеуіңіз де таяқшаларды пайдаланыңыз
• сушиді - қолмен, сашимиді тек таяқшалармен жеуге болады
• таяқшаларды ортасынан ұстамаңыз, ылғи да ұшынан ұстауға тырысыңыз

• тамағы бар тәрелкені өзіңізге жылжыту үшін, таяқшаларды пайдаланбаңыз
• тамақтың тілімін тістемеңіз және қалғанын қайтадан тәрелкеге салмаңыз; егер де бірдеменің дәсін көрсеңіз, оны толығымен жеңіз
• пышақ сұрамаңыз
• тамақ ішкен соң таяқшаларды тағы да hashi-oki-ге, ең жақсысы  суши барға параллель сүйеп қою керек; ешқашан таяқшаларды үстелдің үстіне қоймаңыз;
• ешқашан таяқшаларды қайтадан ыдысқа салмаңыз (бұл да жапондықтарда жерлеумен байланыс тудырады)
• күріштің барлығын жеп қоюға тырысыңыз; күрішті тәрелкеде тіпті шамалы мөлшерде қалдыру – үлкен әдепсіздік (бұл тыйым тек қана Жапонияда қабылданған)
• ешқандай себеппен темекі шекпеңіз; темекі түтіні басқалардың нәзік тамақтардың дәмімен және иісімен рахаттануына мүмкіндік бермейді; сонымен қоса, әсіресе маңыздысы, балықтың жас екендігін тек иісі бойынша ғана анықтауға болады
• соя тұздығы балыққа арналған тұздық болып табылады, ешқашан оған сушиді толығымен батырмаңыз
• көже немесе макарон қосылған тамақ ішкенде, шылпылдатып жеуге болатыны қызықты; тостағанды ауызға апарып – алдымен көженің «ішіндегісін» таяқшалармен жеп алып, сонан соң қалғанын жай ғана іше салу керек
• сакені тамақтың алдында немесе тамақтан кейін ішеді; күріш шарабы күрішке мүлде сәйкес келмейді; тамақ ішкенде сыра, ақ шарап, шай немесе су іше аласыз; әдетте саке тек қана сашимиге беріледі
• сыра немесе саке дастархан басында отырғандардың барлығына құйылады; әркімнің меншікті бөтелкесінен ішкені қалыптаспаған
• жапондықтардың пікірлері екіге бөлінеді: біреулер сашимиден бастауға, сонан соң  суши жеуге және күріш қосылған мисо көжесімен аяқтауға кеңес береді; басқалары алдымен омлет және көкөністер қосылған сушиді жеуге, сонан соң қалағанының барлығын жеуге, ал сашимиді аяғына қалдыруға кеңес береді.

 

Сыпайы сөздер
Arigato – рахмет
Domo – рахмет (ресмилігі азырақ түрі)
Domo arigato gozaimatsa – үлкен рахмет (тамақтан кейін)
Dozo - мархабат
Gochisou – sema deshita – тамақтың аяғында айтылатын дәстүрлі сөз ("өте дәмді болды")
Itadakimatsu – тамақтың алдында қолданылатын сөз ("алдым")
Irasshaimatse – қошемет білдіру
Kampai – Ас болсын!
Konbanawa – Қайырлы кеш
Konichi - wa – Қалыңыз қалай? Не жаңалық бар?
Korewa nandesuka – Бұл не?
Oaiso – тамақ ішуді аяқтап, шотты сұрағанда қолданылатын сөз
Oishii - дәмді 
Ososumewa nandesuka –  Бүгін бізде жақсы не бар?
Sayounara – Көріскенше

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Пилатес жаттығу бағдарламасы - инновациялық жаттығу
Бұл тәнге және жанға арналған жаңартылған жаттығулар.