Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Жасы ұлғайған адамдар үшін тамақтану пирамидасы
Тамақты аздап ішкен жақсы, сапалы болады
Дәстүрлі тамақтану пирамидасы арнайы жасы ұлғайған адамдардың қажеттілігі үшін өзгертілген болатын. Оның басты ұстанымы – жасы ұлғайған адамдарда энергетикалық қажеттіліктердің едәуір аз болуы. Шамамен алғандағы калорияның күндізгі нормасы олар үшін 1200-1600 ккал. Жасы 70-тен асқан адамдар өзінің ағзаларын маңызды қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін, тамақтануына ерекше көңіл бөлуі керек.
Тағам құндылығы барлығынан да артық
Емдәмді дұрыс таңдағанда пайдалы заттардың талап етілетін мөлшеріне ерекше назар аудару керек. Жасы ұлғайған адамдардың ас мәзіріндегі тамақтар әрбір санаттағы пайдалы заттармен қаныққан болуы тиіс, оларға еленбеген ұннан пісірілген нан өнімдері, көкөністер, жемістер, майы алынған (немесе құрамында майы аз) сүт өнімдері, балық пен ет жатады.
Емдәмде көкөністер ерекше роль атқарады. Назар аударыңыз! Жасы ұлғайған адамдарға мұздатылған көкөністерді қолдануға кеңес беріледі, өйткені олар арзан және пайдалы заттарға бай.
Дән және су
Еленбеген ұннан пісірілген өнімдер жасы ұлғайған адамдар үшін тамақтану пирамидасының негізі болып табылады. Оларға нан өнімдері, ботқалар, күріш, макарон өнімдері және т.б. жатады. Сонымен қоса пирамиданың "суда" құрылғанын ескеру керек. Ағзаны сұйықтықпен қамтамасыз ету өте маңызды, күніне кем дегенде 8 стакан су ішуге кеңес береміз. Бұл бүйрекпен және ас қорытумен болатын қиыншылықтардың алдын алуға көмектеседі.
Емдәмді ауыстырушыларға қарсы дәрумендер және минералдар
Емдәмді ауыстырушылар емес, нағыз тамақтар басым болуы керек. Егер дәстүрлі тамақтану нәтижесінде ағзаға сонда да бірдеңе жетіспесе, онда қандай да бір қосымшаларға назар аударуға болады. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға кальций, B12 дәрумені пайдалы, өйткені қартайған ағза оның аз жұтылуына бейім келеді, сондай-ақ D дәрумені де пайдалы, өйткені жасымыз ұлғайған сайын күннің көзінде аз уақыт өткіземіз ғой. Қандай да бір қосымшалар мәселесі бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Дене шынықтыру
Жасы ұлғайған адамдар үшін қозғалыс және дене шынықтыру өте маңызды. Бұл жаста қозғалудың тамаша тәсілі жүзу, аква аэробика, нордтық жүріс, велосипед тебу, жаяу жүру және теннис болып табылады. Денсаулық жағдайына және күш-жігеріне сәйкес келетін дене шынықтырудың әрбір түрі пайда әкеледі. Бұл тіпті бау-бақшадағы жұмыс немесе бірлесіп тамақ дайындау болуы мүмкін.
Азырақ, бірақ жиі
Жас ұлғайған сайын ағза баяу жұмыс істейді, сондай-ақ ас қорыту жүйесінде жағымсыз өзгерістер болады. Нәтижесінде тамақ баяу қорытылады. Күні бойы шамалы үлеспен 4-5 рет тамақ ішіңіз. Ағзаны көп тамақ мөлшерімен күресуге мәжбүр етудің қажеті жоқ.













