Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Жерорта теңізінің емдәмі

- мүмкіндігінше өсімдік тағамдарын көбірек пайдаланыңыз, әсіресе көкөністер мен жемістерді,
- жаңа піскен жемістерді кәдімгі басытқы ретінде беріңіз,
- аптасына 4 жұмыртқаға дейін жеңіз (тағамдарды дайындау мен пісірілімдерде қолданылатындарды қоса алғанда),
- майлардың басты көзі таза күйінде қолданылатын өсімдік майы болып табыады
- газдалған сусындардың орнына су ішіңіз,
- күн сайын шараптың аз мөлшерін ішіңіз (ерлер үшін 1-2 кішкене стақан, әйелдер үшін 1 кішкене стақан),
- күнделікті спортпен айналысыңыз (серуендеу, жүгіру және т.б.)!
Бұл емдәмді сақтау қиын емес, осы ережелерді сақтасаңыз жеткілікті.

Көп мөлшерде көкөністер мен жемістерді, сонымен қатар, бұршаққынды өсімдіктерді қолдану, пайдаланылатын көмірсулар мөлшерін азайту, жануарлар майларының орнына зәйтүн майын қолдану және бірінші кезекте балық пен теңіз өнімдерінің мол мөлшерін пайдалану - бұның барлығы жерорта теңізі емдәмінің құпиялары болып табылады. Тұрақты жаттығулар мен дене жаттығулары осы өнімдерді қолдануды тамаша толықтырады.
Емдәм денсаулыққа қалай әсер етеді
Жерорта теңізі емдәмінің көмегі:
- "нашар" холестерин мөлшерін азайтады,
- төзімділікті күшейтеді және Альцгеймер дертіне қарсы тұрады,
- сусамырға қарсы тұрады,
- Паркинсон ауруының туындау қаупін азайтады,
- өмір ұзақтылығын ұлғайтады,
- созылмалы ауруларға қарсы тұрады,
- оңай демалдырады,
- күйзелістермен және есеңгіреумен күреседі,
- қатерлі ісікпен күреседі.
Жерорта теңізі емдәмінің тағамдарыЖерорта теңізінің емдәмі тағамдарының шамалысының өзін де атап өту өте қиын, өйткені оған жерорта теңізі елдері тағамдарының әрқайсысы дерлік әсер етеді.
- ас бұршағы бар қыша тұздығындағы пісірілген тауық кеудесі,
- күріші және көкөністері бар қызанақтарда бұқтырылған сиыр еті,
- черри қызанақтарынан жасалған салат және самырсын жаңғақтары бар кәділер және пісірілген цуккинилер,
- паста,
- зәйтүн майы және үгітілген сарымсағы бар грильдегі көкөністер,
- пісірілген грек жаңғақтары бар күріш
Жерорта теңізі бассейнінің аумағында тұратын адамдардың денсаулық көрсеткіштері тамақтанудың жерорта теңізі мәдениетінен тыс тұратын адамдардың денсаулықтарына қарағанда әлдеқайда жоғары.
Жерорта теңізінің емдәмі, оны қолданатын адамдардың денсаулығына оң әсер ететіндігін зерттеулер көрсетті.













