Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Жеткіншектерге арналған тамақтану пирамидасы
Болашаққа қарау
Өмірдің жедел заманауи ағымы, оқудан шаршағандық, жарнамаларда және жастар журналдарында жарнамаланатын тамақтанудың зиянды әдеттері жас ағзаның қызмет етуі мен дамуына кері әсер етеді. Тіпті, осы кезеңде түзілген тамақтанудың бұрыс әдеттері қалған өмір бойы денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін.
Жеткіншекке тамақтану мен белсенді уақыт өткізу арасында тепетеңдікті табу қажет. Дене шынықтыру сабақтарындағы жаттығулар жеткіліксіз Компьютермен немесе телевизормен өткізілген белсенді емес уақытты ең болмаса күнделікті сағаттық серуендеумен алмастырған жөн. Бұл үшін тіпті, арнайы жаттығуларды орындаудың қажеттілігі жоқ - велосипед тебу, билеу, итпен серуендеу жеткілікті...
Фаст-Фудқа жоламаңызЖеткіншектердің көпшілігі гамбургерлерді жақсы көреді, бірақ сонда да Fast Food түріндегі тағамдарды көп болса аптасына бір-ақ рет пайдалануға дейін шектеуге кеңес беріледі. Оның орнына шамалы мөлшердегі майы бар, ағуызға бай, майсыз етті қолданған дұрыс.
Ең жақсысы пісірілген тағамдарға, сонымен қатар гриль тағамдарына көңіл бөлген дұрыс. Ағуыздың, ағзаға пайдалы майдың және майлармен ыдыратылатын дәрумендердің бай көзі жаңғақтар, дән, ас бұршағы және үрме бұршақ болып табылады.
Чипсылардың орнына жемістер
Жемістер - оқу кезінде жеңіл тамақтанып алудың тамаша әдісі. Ең жақсысы, жеткіншектер жақсы көретін чипсылардың немесе тәттілердің орнына, оларды жеген дұрыс. Жемістер дәрумендердің, минералды заттардың және жасұнықтың бағалы көзі болып табылады, сонымен қатар, оларда көп қант барын, көп мөлшерде олар денсаулыққа зиян екендігін естен шығармаған жөн.
Көкөністер мен денсаулықСонымен бірге, күніне көкөністердің 5 үлесін жеуге кеңес беріледі. Сарғылт және қошқыл жасыл түсті шикі көкөністерді жеуге болады, олар тамаша дәмді және дәрумендер мен минералдардың басты көзі болып табылады. Көкөністердің түсі қарқынды болған сайын, олардың құрамында молырақ қоректік заттар бар.
Жеткіншіктер үшін жақсы ұсыныс - мұздатылған көкөністер болып табылады - оларды дайындау оңай, бұл жеткіншектердің өз аспаздық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Сүт және оның туындыларыСүт кальцийдің бай көзі болып табылады. Кальций – сүйектер құрамындағы баға жетпес элемент, сондықтан жас кезде көп сүт өнімдерді пайдаланған өте маңызды. Орауыштағы заттаңбаны тексеруді ұмытпаңыз, сүт, сыр және йогурттар құрамындағы майлар төмен болуы маңызды.
Тәрелкедегі дән
Желінетін пісірілген нанның жартысы ірілей тартылған ұннан болуы қажет. Әрқашан құрамдас бөлшектер тізімін мұқият тексерген жөн, өйткені барлық нандар бірдей пайдалы емес. Ірілей тартылған ұннан пісірілген нанның жеңіл пісірілген наннан айырмашылығы - оның құрамында жасұнық мол. Нанды жеу кезінде, онымен бірге желінетін тағам өте қоректі болмауы маңызды.
Жеткіншектер жарнамасындағы ең танымал қауыздарға көңіл аударыңыздар, олардың ең пайдалысы арпадан, бидайдан және қара бидайдан жасалғандары. Түсті және пайдалы мюслилерді жаңа піскен немесе кептірілген жемістерді қоса отырып, азаңғы асты өзің жасауға болады.
Газдалған сусындардың орнына суТәтті газдалған сусындарды сумен алмастырған жөн, өйткені ол ағза үшін әлдеқайда пайдалырақ. Сонымен қатар, онда калориялар аз және жасанды бояғыштар жоқ.













