Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Жүкті әйелдерге ұсынылған өнімдердің калориялығының кестесі

Жүкті әйелдерге арналған емдәм теңгерілген болуы тиіс. Бала күтіп жүргенде дұрыс тамақтанудың екі әсе артық маңызы бар. Емдәмнің минералдық заттарға, сондай-ақ балласттық затқа бай болуы өте маңызды. Оған құрамында кальций бар өнімдерді енгізу керек, ол сүйек жүйесінің айырбасталмайтын құрылыстық материалы болып табылады. Ол көптеген сүт өнімдерінде бар: майсыздандырылған сүт, йогурт, сары сыр және ірімшік, көк шөп, апельсин, өрік, соя және балық.
| Өнімдер | Сан | Энергетикалық құндылығы (ккал) | Ағуыздар (г) | Майлар (г) | Көмірсулар (г) |
|---|---|---|---|---|---|
| "Нут" түрік бұршағы | 100 г | 127 | 6,3 | 3,2 | 18,3 |
| Айран 0 % | 100 мл | 30 | 3,0 | 0,1 | 3,8 |
| Айранға пісірілген көк сорпа | 100 мл | 47 | 3,1 | 1,9 | 4,3 |
| Ақ қарақат | 100 г | 33 | 1,0 | 0,2 | 13,1 |
| Ақжелкек | 100 г | 67 | 4,5 | 0,6 | 18,1 |
| Ақжелкен, көк | 100 г | 41 | 4,4 | 0,4 | 9,0 |
| Ақжелкен, тамыр | 100 г | 38 | 2,6 | 0,5 | 10,5 |
| Алма | 100 г | 46 | 0,4 | 0,4 | 12,1 |
| Алмұрт | 100 г | 54 | 0,6 | 0,2 | 14,4 |
| Алхоры | 100 г | 45 | 0,6 | 0,2 | 11,7 |
| Алша | 100 г | 27 | 0,2 | 0,0 | 6,4 |
| Апельсин | 100 г | 44 | 0,9 | 0,2 | 11,3 |
| Ара балы | 100 мл | 324 | 0,0 | 0,0 | 79,5 |
| Арпа ботқасы | 100 г | 334 | 8,4 | 2,0 | 74,9 |
| Аскөк | 100 г | 28 | 1,3 | 0,3 | 7,7 |
| Асқабақ | 100 г | 28 | 1,3 | 0,3 | 7,7 |
| Асқабақ тұқымы | 100 г | 556 | 24,5 | 45,8 | 18,0 |
| Ау қауданды қырыққабат | 100 г | 29 | 1,7 | 0,2 | 7,4 |
| Ацидофилин 1% | 100 мл | 40 | 3,0 | 1,0 | 4,0 |
| Ашытылған қырыққабат | 100 г | 12 | 1,1 | 0,2 | 3,4 |
| Ащы шоколад | 100 г | 549 | 5,4 | 35,3 | 52,6 |
| Балдыркөк, көк | 100 г | 13 | 1,0 | 0,2 | 3,6 |
| Балдыркөк, тамыр | 100 г | 21 | 1,6 | 0,3 | 7,7 |
| Балдыркөктен пісірілген көже | 100 мл | 37 | 1,6 | 1,8 | 4,5 |
| Баялды | 100 г | 18 | 1,0 | 0,2 | 3,1 |
| Бидай тоқаш наны | 100 г | 272 | 7,3 | 1,5 | 58,5 |
| Болгар бұрышы | 100 г | 26 | 0,9 | 0,3 | 5,2 |
| Брюссельдік жас қырыққабат | 100 г | 34 | 4,0 | 0,5 | 3,5 |
| Буланған қорытпа | 100 г | 234 | 23,3 | 15,6 | 0,0 |
| Бұқтырылған нәлім балық | 100 г | 101 | 9,7 | 5,1 | 3,9 |
| Грейпфрут | 100 г | 36 | 0,6 | 0,2 | 9,8 |
| Грек жаңғақтары | 100 г | 645 | 16,0 | 60,3 | 18,0 |
| Дәндері бар нан | 100 г | 228 | 8,6 | 1,4 | 43,9 |
| Жас брокколи | 100 г | 25 | 3,0 | 0,4 | 2,4 |
| Жас бұршаққынды үрме бұршақ | 100 г | 24 | 2,0 | 0,2 | 3,6 |
| Жас гүлді қырыққабат | 100 г | 21 | 2,4 | 0,3 | 2,3 |
| Жас жасыл бұршақ | 100 г | 79 | 6,0 | 0,7 | 12,0 |
| Жас қырыққабаттан пісірілген щи | 100 г | 31 | 0,9 | 2,1 | 3,1 |
| Жоғары сортты макарондар | 100 г | 337 | 10,4 | 1,1 | 69,7 |
| Жүгері | 100 г | 97 | 3,0 | 1,2 | 18,2 |
| Зәйтүн майы | 100 мл | 882 | 0,0 | 99,6 | 0,2 |
| Ит бүлдірген | 100 г | 43 | 0,7 | 0,5 | 8,0 |
| Итальяндық қырыққабат | 100 г | 38 | 3,3 | 0,4 | 7,8 |
| Камамбер сыры | 100 г | 324 | 15,3 | 28,8 | 0,1 |
| Картоп | 100 г | 80 | 2,0 | 0,0 | 16,0 |
| Картоп қосылған ашытылған қырыққабаттан пісірілген щи | 100 г | 32 | 0,6 | 2,1 | 2,7 |
| Кептірілген ақ үрме бұршақ | 100 г | 102 | 7,0 | 0,5 | 16,9 |
| Кептірілген алма | 100 г | 238 | 2,1 | 2,1 | 62,3 |
| Кептірілген бұршақ | 100 г | 298 | 20,5 | 2,0 | 48,6 |
| Кептірілген қызыл үрме бұршақ | 100 г | 93 | 8,4 | 0,3 | 13,7 |
| Кәді | 100 г | 23 | 0,6 | 0,3 | 4,9 |
| Кәдімгі май | 100 г | 659 | 1,1 | 73,5 | 1,1 |
| Кольраби | 100 г | 29 | 2,2 | 0,3 | 6,5 |
| Кофе сусыны | 100 мл | 337 | 6,0 | 4,8 | 71,2 |
| Көк пияз | 100 г | 29 | 4,1 | 0,8 | 3,9 |
| Көк шай | 100 мл | 28 | 0,1 | 0,0 | 6,8 |
| Көкөністер көжесі | 100 мл | 43 | 1,7 | 1,8 | 6,2 |
| Күнбағыс тұқымы | 100 г | 561 | 24,4 | 43,7 | 24,6 |
| Күнжіт | 100 г | 565 | 19,4 | 48,7 | 12,2 |
| Күркетауық, төс еті | 100 г | 84 | 19,2 | 0,7 | 0,0 |
| Күркетауықтың кесек жон еті | 100 г | 105 | 15,8 | 4,6 | 0,1 |
| Қара бидай наны | 100 г | 223 | 5,6 | 1,7 | 51,5 |
| Қара бүлдірген | 100 г | 31 | 2,0 | 0,0 | 4,4 |
| Қара жидек | 100 г | 45 | 0,8 | 0,6 | 12,2 |
| Қара қарақат | 100 г | 35 | 1,3 | 0,2 | 14,9 |
| Қара өрік | 100 г | 267 | 3,5 | 1,2 | 68,9 |
| Қарақұмық ботқасы | 100 г | 336 | 12,6 | 3,1 | 69,3 |
| Қарбыз | 100 г | 36 | 0,6 | 0,1 | 8,4 |
| Қарлыған | 100 г | 41 | 0,8 | 0,2 | 11,8 |
| Қатық 1% | 100 мл | 40 | 3,0 | 1,0 | 4,1 |
| Қияр | 100 г | 15 | 0,7 | 0,1 | 3,0 |
| Қой бүлдірген | 100 г | 33 | 0,8 | 0,5 | 8,3 |
| Қоңыр күріш | 100 г | 331 | 6,3 | 4,4 | 65,1 |
| Қоянның еті | 100 г | 156 | 21,0 | 8,0 | 0,0 |
| Қояншөп | 100 г | 23 | 2,2 | 0,2 | 3,3 |
| Құлпынай | 100 г | 28 | 0,7 | 0,4 | 7,2 |
| Қызанақ | 100 г | 19 | 0,8 | 0,3 | 3,5 |
| Қызанақтан жасалған көже | 100 мл | 28 | 1,3 | 1,8 | 1,9 |
| Қызыл қарақат | 100 г | 31 | 1,1 | 0,2 | 13,8 |
| Қызыл қауданды қырыққабат | 100 г | 27 | 1,9 | 0,2 | 6,7 |
| Қызыл шие | 100 г | 61 | 1,0 | 0,3 | 14,6 |
| Қызылша | 100 г | 37 | 1,5 | 0,1 | 7,6 |
| Қызылша көже | 100 мл | 36 | 0,5 | 2,0 | 4,2 |
| Қызылша сабағы | 100 г | 17 | 2,1 | 0,5 | 5,5 |
| Лимон | 100 г | 36 | 0,8 | 0,3 | 9,5 |
| Майы алынған сүзбе | 100 г | 99 | 19,8 | 0,5 | 3,5 |
| Мейіз және жаңғақ қосылған мюсли | 100 г | 375 | 11,5 | 12,7 | 62,9 |
| Мүк жидек | 100 г | 26 | 0,5 | 0,0 | 3,8 |
| Нәлім балық бауырының майы | 100 мл | 898 | 0,0 | 100,0 | 0,0 |
| Өрік | 100 г | 47 | 0,9 | 0,2 | 11,9 |
| Пармезан сыры | 100 г | 452 | 41,5 | 32,0 | 0,1 |
| Патиссон | 100 г | 19 | 0,6 | 0,1 | 4,1 |
| Пахта 0,5% | 100 мл | 37 | 3,4 | 0,5 | 4,7 |
| Пекиндік қырыққабат | 100 г | 12 | 1,2 | 0,2 | 3,2 |
| Пісірілген бұзау еті | 100 г | 131 | 30,7 | 0,9 | 0,0 |
| Пісірілген жасымық | 100 г | 111 | 7,8 | 0,0 | 20,1 |
| Пісірілген күркетауық | 100 г | 195 | 25,3 | 10,4 | 0,0 |
| Пісірілген қоян | 100 г | 204 | 24,6 | 11,7 | 0,0 |
| Пісірілген құныс балық | 100 г | 168 | 22,9 | 7,8 | 0,0 |
| Пісірілген макрель | 100 г | 124 | 22,8 | 3,6 | 0,0 |
| Пісірілген минтай | 100 г | 79 | 17,6 | 1,0 | 0,0 |
| Пісірілген нәлім балық | 100 г | 78 | 17,8 | 0,7 | 0,0 |
| Пісірілген палтус | 100 г | 216 | 14,0 | 17,8 | 0,0 |
| Пісірілген тісті балық | 100 г | 114 | 15,5 | 5,8 | 0,0 |
| Пісірілген хек | 100 г | 95 | 18,5 | 2,3 | 0,0 |
| Салат | 100 г | 12 | 1,2 | 0,3 | 1,3 |
| Сарымсақ | 100 г | 146 | 6,4 | 0,5 | 32,6 |
| Саумалдық | 100 г | 17 | 2,7 | 0,4 | 0,8 |
| Сәбіз | 100 г | 31 | 0,8 | 0,3 | 6,6 |
| Сопақ басты пияз | 100 г | 24 | 2,2 | 0,3 | 5,7 |
| Соя | 100 г | 381 | 2,0 | 0,1 | 1,0 |
| Сүт 0,5% | 100 мл | 39 | 3,5 | 0,5 | 5,1 |
| Сүт 1,5% | 100 мл | 47 | 3,4 | 1,5 | 5,0 |
| Сүтті балмұздақ | 100 г | 126 | 3,2 | 3,5 | 21,3 |
| Табиғи йогурт 2% | 100 мл | 60 | 4,3 | 2,0 | 6,2 |
| Таңқурай | 100 г | 29 | 1,3 | 0,3 | 12,0 |
| Тарна | 100 г | 34 | 1,2 | 0,1 | 7,4 |
| Тары ботқасы | 100 г | 346 | 10,5 | 2,9 | 71,6 |
| Тауық | 100 г | 202 | 18,5 | 14,3 | 0,0 |
| Тауық, бауыры | 100 г | 136 | 19,1 | 6,3 | 0,6 |
| Тауық, төс еті | 100 г | 99 | 21,5 | 1,3 | 0,0 |
| Тәтті жасыл бұрыш | 100 г | 27 | 1,3 | 0,0 | 5,3 |
| Тәтті қызыл бұрыш | 100 г | 26 | 1,3 | 0,0 | 5,3 |
| Тұздалған қияр | 100 г | 11 | 1,0 | 0,1 | 1,9 |
| Тұздықты көже | 100 мл | 42 | 1,4 | 2,0 | 5,0 |
| Тұтас тауық жұмыртқасы | 100 г | 139 | 12,5 | 9,7 | 0,6 |
| Украиндық борщ | 100 мл | 49 | 1,1 | 2,2 | 6,7 |
| Цикорий | 100 г | 21 | 1,7 | 0,2 | 4,1 |
| Цуккини | 100 г | 16 | 1,5 | 0,2 | 3,0 |
| Шалғам | 100 г | 14 | 1,0 | 0,2 | 4,4 |
| Шалқан | 100 г | 26 | 1,1 | 0,3 | 8,2 |
| Шие | 100 г | 47 | 0,9 | 0,4 | 10,9 |
Қоректік құндылығы бай өнімдер
Сондай-ақ темірге бай тағамды қолдану керек. Ол тканьді оттекпен қоректендіретін гемоглобин компоненті болып табылады, Темірдің арқасында Сіздің балаңыздың анемиясы болмайды. Темір организмді инфекцияларға қарсы нығайтады. Ол бауыр, бүйрек, тіл, майсыз ет, қырыққабат, саумалдық, ірі бұршаө өсімдіктері, кептірілген жемістер, нан және ботқалар сияқты өнімдердің құрамында болады.
Белок жаңа клеткалардың түзілуі үшін қажетті құрылыстық материал болып табылады. Ол сүттің және сүт өнімдерінің, майсыз еттің, балықтың, жұмыртқаның және ірі бұршақты көкөністердің құрамында болады.
Фолий қышқылы (B9 дәрумені) баланың бас миы және жұлыны дұрыс дамуы үшін қажетті. Әйелдер жоспарланған жүктіліктің алдында осы дәруменді 1-ден 3 айға дейін қабылдауы керек. Фолий қышқылының бар болуы организмнің оған түскен темірді дұрыс сіңіріп, пайдалануына әкеледі. Ол ашытқының, көк шөптің, әсіресе саумалдықтың және салат жапырақтарының; ішек-қарын, өкпе-бауырдың, апельсиннің, қызылшаның, күнбағыс тұқымдарының және кептірілген жемістердің құрамында болады.
Сондай-ақ емдәмнің тағы бір элементі құрамында мырыш бар өнімдер болуы тиіс. Ол баланың дұрыс психикалық дамуы, дұрыс салмағы үшін жауап береді. Ол фолий қышқылы дұрыс сіңірілгенде қажет болады. Мырыш анна мен бала терісінің жақсы қалпына әсер етеді. Мырыш ішек-қарын, өкпе-бауырдың,еттің, асқабақ және күнбағыс тұқымдарының, жаңғақтардың, бидай өсінділерінің құрамында болады.
Жемістерді, болгар бұрышын, қырыққабатты және ақ желкекті құрамында С дәруменінің болуынан қолдану қажет, ол бпарлық тканьдар мен қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуі үшін жауап береді. Сондай-ақ ол вирустармен және ауру тудыратын бактериялармен күресте көмектеседі.
Жүктілік кезінде пайдалануға болмайтын өнімдер
Жүкті әйел құрамында жасанды бояғыштары мен хош иістендіргіштері бар консервіленген тамаққа ерекше назар аударуы тиіс. Қосындылардың шамадан көп мөлшері диарея, іш бұзылуын және аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Барлығынан да натрий бензоатымен (консервілер, джемдер, майонез), ортофосфор қышқылымен, натрий фосфатымен (пісіруге арналған ұнтақтар, кола типті сусындар), натрий глутаминатымен (сусындар, жылдам әзірленетін көжелер, «Вегета» типті дәмдеуіштер, сорпаға қосатын текшелер, консервілер, құрғақ тұздықтар және т.б.) абай болу керек. Сондай-ақ дүкенде сатылатын шұжық өнімдерінен аулақ болу керек, себебі олар балаға зиянды химиялық заттармен дәмделген және құрамында көп тұз бар.
Алкогольден мүлде бас тарту керек. Жүктілік кезінде тіпті шамалы шараптың өзіне тыйым салынады. Жүктілік кезінде алкогольдік салмасы бар кез келген кәмпиттерге де тыйым салынады.













