Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Сіз білесіз бе...
Соя бұршақтары көптеген аурулардан сақтайды. Бұл факт Жапон және Қытай халықтарының тамақ ішу жолдарын зерттеу арқылы табылған. Себебін білген жөн.
Жүктілерге арналған емдәм
Бұл жүктілікке дейінгі және жүктілік кезіндегі әйелдің тамақтануы баланың денсаулығына аса зор әсер ететінін түсінетін болашақ аналарға арналған емдәм.
Ұрықтың дамуы үшін фолий қышқылы, темір, йод, мырыш және қанықтырылмаған май қышқылдары сияқты қоректік элементтер аса маңызды. Бұл элементтер аспен бірге дұрыс үлесте ағзаға түсуі қажет. Жүктілер және емізетін аналар емдәмдеріндегі қателер, әсіресе, ағза осы элементтердің қажет мөлшерін алмаған жағдайда пайда болады.
Бірнеше пайдалы кеңестер: • Тағам үлесінің түрлілігі. Табиғатта біз білетін қоректік заттардың барлығы (шамамен олар алпыстай) құрамында бар өнім жоқ. Тағамдар неғұрлым түрлі болса, ағза үшін соғұрлым пайдалы болады.
• Нан тек ірілей тартылған ұннан ғана жасалынуы қажет. Қара нанның құрамында ақ нанға қарағанда минералды заттар 3-5 есеге көп, ол сондай-ақ дәрумендер мен жасұныққа бай.
• Емдәмде темірдің мөлшерін екі есеге көбейту қажет. Жүкті әйел күніне екі рет ет, тауық, сүрленген ет (майсыз сұрыптары) жеуі керек. С дәруменіне бай және темірдің сіңірілуін жақсартуға мүмкіндік туғызатын көкөністер мен жемістерді әр тамаққа қосуға кеңес беріледі.
• Міндетті түрде балық жеу керек. Балық - бұл бағалы ағуыздың керемет көзі.
• Салаттарға өсімдік майларын қосу кажет. Ең аз дегенде - бір ас қасық май. Өсімдік майларының құрамында жүктіліктің жақсы өтуі үшін бағасы жоқ қажет қанықтырылмаған май қышқылдары бар.
• Сүт пен сүт өнімдерін көбірек пайдалану қажет. Олар ана мен балаға өте маңызды, өйткені олардың құрамында кальций, B2, B12 дәрумендері, бағалы ағуыздар бар. Майлылығы төмен өнімдер дұрыс салмақты сақтауға көмектеседі.
• Ең аз дегенде күніне 1 кг көкөністер мен жеміс-жидектер. Бұл дәрумендер мен минералдардың ең жақсы көзі.
• Алкогольді қолданбаңыз. Қою кофеге және шылым шегуге шектеу салған жөн.
• Наркотикалық және есеңгірететін заттарға тыйым салынады. Аталған заттар ұрықты зақымдауы мүмкін және түсік тастау қауіп-қатерін жоғарылатады.
Негізгісі - не жеп отырғаныңды білу
Ана болуды жоспарлайтын әйелдер дұрыс тамақтану ережелерін білулері қажет.

Әр түрлілік бәрінен де жоғары
Тағам үлесінің әр түрлілігі және мүмкіндігінше әр түрлі тағамдарды қолдану қоректік заттардың жетіспеушілігін мардымды түрде азайтады.
Осы кезеңде ағзаның дәрумендер мен минералдарға қажеттілігі елеулі ұлғаяды. Кейде, тіпті, 50-100%-ға. Қандай жағдай болғанда да, күндізгі тағам үлесінің энергетикалық құндылығы тек 300 Ккал-ға ғана өсуі қажет.
Көптеген әйелдер қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкелетін, көбінесе дұрыс үйлестірілмеген, арықтауға арналған емдәмдерді қолдана отырып, өзінің тұлғасы туралы қам жейді.
Жүкті әйел қоректік заттарға деген өз қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар оның құрсағында дамып келе жатқан баланың да қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан табиғи қоректік өнімдерді қолдана отырып, тағамды түрлендіруді қажеттілігін есте ұстау керек және әр түрлі ынталандырғыштардан бас тартқан жөн. Өзіңіздің денсаулығыңыз және балаңыздың денсаулығы үшін.
Мәзір
Азаңғы ас:
сүт қосылған қауыздар, еленбеген ұннан пісірілген екі тоқаш, майсыз сүрленген еттің екі тілімі, зәйтүн майы қосылған қызанақтар мен қиярлардан жасалған салат, шәй
Түскі ас:
буға піскен арқан балық, сәбізден жасалған салат, буға піскен картоп, жаңа піскен грейпфруттар шырыны
Кешкі ас:
жемістерден жасалған салат, апельсин джемі бар еленбеген ұннан жасалған тоқаш, йогурт, лимон қосылған шәй

Тегтердi бұлт
Күн рецептісі
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.