Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Жұмыста үйлесімді, салауатты тамақтанудың 6 идеясы
1. Шаршағандық ұйқы мен сұйықтықтың жетіспеуінің нәтижесі болып табылады.
Үлкен адамның денесі сағат сайын 50-100 мл сұйықтықты жоғалтады, яғни сегіз сағаттық ұйқының өзі оның тапшылығына әкелуі мүмкін. Егер тіпті оянған соң да, Сіз шөлді сезінбесеңіз, организм сонда да күні бойы сұйықтықты талап ететін болады. Сондықтан Сіз күн сайын бір стакан су ішуіңіз керек.

2. "Бос" калорияларды азырақ жеңіз.
Бос калориялар тым көп энергия беретін тамақта болады, бірақ олардың құрамында дәрумендер мен минералдар сияқты маңызды қоректік заттар болмайды. Оның жақсы мысалы қант болып табылады. Оның құрамында таза энергия ғана бар. Сондай-ақ ол тәттілерде, ақ нанда, көптеген дайын тағамдарда және фаст-фудта көп болады. Олардың құрамында тек көп калория бар, басқа ештеңе жоқ. Организм қауырт ой еңбегінде және күш жұмсалатын белсенділік төмен болғанда ең алдымен, амин қышқылдарын, қанықпаған май қышқылдарын, дәрумендерді, минералдарды және балластық затты қажет етеді. Бұл құндылықтар басым көпшілігінде табиғи тамақта немесе жаңа піскен көкөністер мен жемістер сияқты тамақта, бүтін дақылдарда, сүт өнімдерінде және балықта шоғырланған.
3. Түсін кетірмей жеңіз
Сіз ұсынылатын көкөністер мен жемістердің күніне 5 порциясын қолдану Сізге қиынға соғатын адамдардың қатарына жатасыз. Егер Сіз әрбір тамақ жегенде 3 түсті үйлестірсеңіз жақсы болады. Тамақ сүйсіндірерлік, түсті және алуан түрлі болады және тамақтың аса салауатты болуына әкеледі.
4. Күнде бірінші тамақ жейтін уақыт таңертеңгі ас болып табылады
Сіз таңертеңгі ас ішпейтін адамдардың қатарына жатасыз ба? Өйткені Сіздің қарныңыз аш емес пе немесе Сіздің уақытыңыз жоқ па? Сізге таңертең ерте көп тамақ жеу міндетті емес. Жолда немесе офисте жеңіл-желпі тамақтану жеткілікті. Бұл түске дейін қарын ашуды болдырмайды және салауатты емес жеңіл тамақтарды жеуге мүмкіндік бермейді.

5. Түскі аста аштық сезімін болдырмаңыз
Таңертеңгі ас аштықты сезбей түскі асқа дейін шыдауға көмектеседі. Сөйтіп, біз түскі аста тым көп тамақ жемейміз, бұл түскі астан кейін шаршаудың маңызды себебі болып табылады. Сізге аштықты басуға қанша қажет болса, сонша ғана тамақ жеңіз. Артық тамақ жемеңіз. Тағы не шаршағандыққа алып келеді? Ең алдымен, көмірсулар мен майлардың үйлесімі, яғни фри картобымен және пудингпен бірге берілетін типті стейк. Түскі асты картопсыз, макаронсыз немесе нансыз жеуге тырысыңыз. Олардың орнына рационға белоктар мен көкөністерді, мысалы, қаздың төс етінен жасалған салатты, көкөністер қосылған балықты немесе стейк қосылған (фри картобынсыз) салатты енгізіңіз. Соңында «эспрессо» - Сіз жұмысқа дайынсыз.
6. Жолда тамақ жеу
Жол жүргенде денсаулық үшін пайдалы тамақтануға болады. Әрине бұл түскі асты үйде әзірлегенге қарағанда, көп күшті талап етеді. Басты кеңес: өзіңізбен бірге бір бөтелке су, жемістер мен жаңғақтар алыңыз. Осылай Сізге жолда тамақ сатып алу үшін тоқтаудың қажеті болмайды. Ылғи да «зияндыны» әлдебір «пайдалымен» үйлестіріңіз. Егер Сіз шұжық немесе гамбургер сатып алсаңыз, одан кейін салат, жемістер немесе йогурт жеңіз. Сіздің әрбір дерлік жанар май құю станциясында шырындар сатып алуыңызға болады. Жолда тым көп тамақ жеудің керегі жоқ, бірақ кем дегенде күніне бір рет салауатты тамақ жеу керек.













