Миссия және тұрақты даму

Біз адамдарды олардың амандығы мен ғаламшардың саулығы үшін рационын өсімдік тағамдарымен кеңейтуге шабыттандырамыз

Bonduelle-дің 7 құндылығы

Адамдарға қамқорлық
Біз адамдарға өсімдік тағамдары туралы айтамыз және өздері үшін жаңа тағамдарды табуға көмектесеміз. Біз қызметкерлерге қолайлы жағдай жасаймыз, оқытуды өткіземіз және олардың біліктілігін арттырамыз, сонымен қатар жаңа жабдықтар сатып аламыз
Әділдік
Біз компанияның барлық қызметкерлеріне мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктер береміз
Әдептілік
Біз клиенттер мен қызметкерлер алдындағы міндеттемелерімізді уақытында орындай отырып, ашық және адал әрекет етеміз
Сенім
Біз қызметкерлердің бастамаларын қолдаймыз – олардың ұсыныстары негізінде компания жұмысына өзгерістер енгіземіз. Біз жобаны идеядан іске асыруға дейін жеткізуге көмектесеміз
Қарапайымдылық
Біз қарым-қатынас жасауға ашықпыз: басшылар мен менеджерлерге кез келген сұрақтармен және ұсыныстармен хабарласуға болады
Кемелдік
Біз өнімнің сапасын қатаң бақылаймыз – бұл біздің басымдылығымыз. Біз ресурстарға ұқыпты қараймыз және заманауи технологиялар: дрондар мен топырақ күйінің датчиктерін қолданамыз
Ашықтық
Біз өндірістегі, жалдаудағы және жеткізушілерді іздеудегі жаңа идеялар мен ұсыныстарға ашықпыз

Сіз Bonduelle компаниясының құндылықтарын қаншалықты қуаттайсыз?

1
2
3
4
5

Тұрақты даму

Табиғат біздің болашағымыз екеніне сенімдіміз. BPact стратегиясы - Bonduelle компаниясының келесі үш бағыттағы нақты және өлшенерлік әлеуметтік және экологиялық міндеттемелері: Тамақтану, Ғаламшар және Адамдар. Біздің мақсатымыз – әр адамның рационында өсімдік тағамдарының мөлшерін көбейту

Тұрақты даму тарихы

1996
Бірінші Агрономиялық хартияның құрылуы. Оның мақсаты – топырақтың құнарлылығын сақтап қалу, өсірілетін көкөністердің жоғары сапасына кепілдік беру үшін агрохимиялық препараттардың қадағалануын қамтамасыз ету.
2002
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бірінші бағдарламаны 4 бағыт бойынша іске қосу: Агрономия, Адамдар, Сапа және Тамақтану, Табиғи ресурстар
2004
Луи Бондюэль қорының құрылуы. Қор салауатты тамақтануды насихаттау үшін ғылыми зерттеулер мен жергілікті жобаларды қолдайды. Толығырақ
2012
Жаһандық есеп беру бастамасының (Global Reporting Initiative, GRI) стандарттарына сәйкес жария қаржылық емес есептілікті қалыптастыру. Этикалық кодекстің жариялануы
2016
КӘЖ саясатының жаңа басым бағыттарын анықтау: Адамдар, Өсімдік тағамдары және Ғаламшар
2019
2025 жылға дейінгі негізгі мақсаттар тұжырымдалған B!Pact тұрақты даму саласындағы стратегияны құру
2020
Компанияның 2025 жылға дейін BCorp стандарты бойынша сертификат алу мақсаты туралы мәлімдемесі
2021
Қызметкерлерді миссиямызға жетуге ынталандыратын INSPIRE корпоративтік бағдарламасының іске қосылуы
Бізбен байланысыңыз

Сайтта тағы