Өндіріс

Көкөністерді жиналғаннан кейін бірнеше сағат ішінде зауытқа жеткізу үшін біз оларды өндірістің жанында өз егістіктерімізде өсіреміз.

Өндіріс сандармен

Әр кезеңде сапаны бақылау

Біз өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін — егін жинаудан супермаркет сөресіне дейін толығымен бақылаймыз
Мұздатылған көкөністер өндіру
Егін жинау
Жуу
Қосындылардан тазарту
Шарпылау
Мұздату
Сақтау
Өлшеу және орау
Тасымалдау
Консервіленген көкөністер өндірісі
Егін жинау
Жуу
Қосындылардан тазарту
Шарпылау
Құтыларды толтыру
Жабу
Стерилдеу
Паллеттерге орналастыру
Жапсыру
Тиеуге дайындау

Ғаламшарға қамқорлық

Регенеративті егіншілік
Топыраққа қамқорлық жасау қағидаттарымыз: тиімді ауыспалы егіс, терең қопсыту, топырақты гипстеу, жамылғы дақылдарын қолдану арқылы топырақ құнарлығын арттырудамыз; химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді (механикалық қопсыту) пайдалануды барынша азайтып, органикалық егіншілікке көшіп жатырмыз
Ақылды егіншілік
Біз заманауи ақпараттық технологияларды, егістер мен техниканың спутниктік мониторингін, дәл егіншілікті, метеостанцияларды және топырақ датчиктерін қолданамыз. Өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғау үшін феромонды тұзақтар сияқты инновацияларды енгіземіз
Ресурстарды ұтымды тұтыну
Суды пайдалануды бекітпе крандарды, есептегіштерді, үнемді жабдықтарды орнату арқылы бақылаймыз. Біз энергия тұтынуды қысқартамыз - шикізат келіп түспеген кезде жабдық автоматты түрде күту режиміне ауысады және ал барлық шамдар энергияны үнемдейтін шамдарға ауыстырылған
Экологиялық менеджмент жүйесі
Біздің зауыттарда ISO14001 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі енгізілген. Оның мақсаты – шаруашылық қызметіміздің барлық экологиялық аспектілерін басқару, қоршаған ортаға экологиялық әсер деңгейін бақылау және барынша азайту
Жаңартылатын энергия көздері
Біз энергетикалық теңгерімімізде жаңартылатын энергия көздерін қалай қолдануға болатынын зерттейміз. Тимашевск қаласындағы зауытта бақылау-өткізу пунктінде күн батареяларын пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Экологиялық қаптама
Қаптаманың 90% үшін екінші өмір сыйлаймыз. Біз қаптама материалдарының көлемін азайтамыз: қаңылтыр құтылардың және қаптамалық үлдірдің, сондай-ақ тасымалдау қаптамасы – стрейч-үлдір мен қатпар картонның қалыңдығын азайтамыз. Біз қаптамаларымыздағы қайталама шикізаттың үлесін арттыруға жұмыс істеп жатырмыз
Бізбен байланысыңыз

Сайтта тағы